Жас маман Динара Молдашева өз баспанасына қол жеткізді

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында қазіргі таңда жас мамандарға барынша қолдау көрсетіліп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатыр

Бағдарламаның басты мақсаты –  ауылды аймақтарды қажетті мамандармен қамтамасыз ету.

Ұтымды жоба аясында баспаналы болған Динара Молдашева ауданымыздың төл тумасы.  Первомай орта мектебінен түлеп ұшқаннан кейін, асқақ арманы жетелеп О.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетіне оқуға түседі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, түрлі байқау, олимпиадаларда бағын сынаған Динара, студенттік өмірде де өте белсенді болған екен. Әсіресе, жеңіл атлетика, волейбол сияқты спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Қызықты студенттік өмірден кейін, қолына дипломын алған жас маман үлкен өмірге қадам басып өзінің өсіп-өнген ауданына оралғанды жөн санайды.

Жас маман бүгінгі күнде Ахметқазы Шотаев атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша сабақ беріп, ең адал, ең жауапты мамандықтың иесі атанды. Жас болса да, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруге ден қойып, заман талабына сай еңбек етуде. Ұстаз болу оның бала кезгі арманы. Балалық шақтың арманын жетілдіру оңайға соқпайтыны анық. Арманына қол жеткізуге әжесі қолдау көрсеткен екен.

Нәзік жанды Динараның қолдаушысы да, жанашыры да әжесі. Он баланы тәрбиелеп жеткізген Сәуле әжей, немересінің де тәрбиесімен өзі айналысқан көрінеді. Кішкентай немере бүгінде парасатты, адамгершілігі мол, білімді маманға айналды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында баспаналы болды. Сексеннің төртеуіне келген қарт әжейдің үлкен үміті ақталды десек қателеспеген болармыз.

– Әр адамның тағдыры сан қилы. Менікі басқалардан өзгеше. Мен әжемнің қолында өстім. Маған барын берді, ең бастысы – адам етті. Әжеме алғысым шексіз. Бүгінде туып-өскен ауданымда еңбек етудемін. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының арқасында өз үйіме қол жеткіздім. Алдағы күнде маған артылған үмітті ақтап, ұстаз деген атқа лайықты еңбек еткім келеді,- дейді жас маман Динара Молдашева.

Жас болса да ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар Динараның алар асуы алды. Оның бойындағы жастық-жігері, жалыны алысқа жетелері анық. Талай шәкіртті биікке шыңдап, талай биікті бағындырары сөзсіз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

2 дня ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

3 дня ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.