«Жасыл ел» – ел игілігі

Әр жас өз елінің патриоты. Осы орайда аянбай еңбек етіп, туған жерін көркейтіп, оның мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың борышы

Қазіргі танда, елімізде жастар саясаты қолға алынып, көптеген игі бастамалар өз жемісін  беруде. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы.

«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын. Бүгінгі күні бағдарлама аясында «Меңдіқара жастары» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жасыл ел» жастар жасағы жұмысын бастап кетті.

– Шілде айының 1-нен бастап бір ай көлемінде жұмыс істейтін жасаққа 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар алынып отыр. Бүгінде штабта 12 адам аудан орталығын көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына белсенді кірісіп кетті. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы –осы істерге тарта отырып,  жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету – дейді, қоғамдық бірлестіктің төрайымы Тұрсынай Дүйсембаева.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша алғаш рет еңбекке қадам басқан студент, Жастар ресурстық орталығының еріктісі Аружан Аманжолова.

– «Жасыл ел» жастар жасағына алынған студенттер бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Мен де солардың бірімін. Биыл К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледждің 1 курсын аяқтап, алғаш рет ата-анама көмек ретінде жұмыс істеп, алғашқы еңбек ақымды алмақшымын. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салыссақ, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт болып отыр. Сондықтан мынадай игі iс-шараға қатысуға барлық жастарды шақырамын – дейді, Аружан.

Қазір «Жасыл ел» – жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отырғанын да байқауға болады. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру игілікті іс. Сондықтан да болашағы бар «Жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсiн, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.