Categories: Новости

Жеңіс хаты

Құрметті Молдағали ата!

Сіз өмірден өтсеңізде біздің жүрегіміздесіз.Бұл хатты арнайы сізге, сіздің рухыңызға арнаймыз.

Биыл, 2020 жылғы мамыр айының 9 жұлдызында, Ұлы Отан соғысының жеңісіне жетпіс бес жыл болады.Сіз майданға осы соғыстың алғашқы күндері, 1941 жылы Қостанай қаласынан аттаныпсыз.   Сіз қалың майдан жолымен жүріп Польша елінде Ж еңісті қарсы алыпсыз.

Үйдегі қызу әңгімеден үлгі болатындай есте қаларлық оқиғаны естідім.Сіздің аяулы анаңыз сізге ауылдан жүннен, жылы да жұмсақ  қолғап,шұлық,күрте,бөрік тоқып беріп жіберіпті.Бірақ, ол киімдер сізге жетпеседе,өзге жауынгерлерге тиіпті. Бұл да Кеңес Одағы азаматтарының, орталық еліміздің ұлы Жеңісті жақындатқан бір қадам. Сіздің ата-анаңыз өте еңбекқор жандар болыпты.Колхозға адал еңбек етіп, жеңісті жақындатуға зор үлесін қосқан екен.Күні-түні сізді уайымдап, сіздің соғыстан аман-есен келгеніңізді тілепті.

Ата, сіз өзіңіз, ауылдастарыңыздың сөздеріне қарағанда, ерекше тұлға болыпсыз: өте зиялы, білімді, көпшіліктің басын қоса білетін, шыншыл жан болыпсыз.Әрдайым іздену үстінде болған, білімді сүйген, көп кітап оқыған кісі екенсіз.Осы қабілеттеріңіздің арқасында көп жылдар бойы колхоз председателі болып жұмыс атқарыпсыз.

Ата-әжемнің әңгімелері бойынша сіз оларға майдандағы жолдастарыңыз жайлы көп айтыпсыз. Сіздің майдандас жолдастарыңыз адал жауынгер, әскери міндеттерін жақсы орындаған, қару-жарақтарына мұқият қараған, оқ дәрілерін орнымен қолданған мерген атқыштар болған екен.

Ата, сіз атқыштар дивизиясымен Польшада болғанда шырайлы көктем күндерінің бірінде шие ағаштары бүршік атқанда, өзіңіздің туған Шиелі ауылында тұрғандай болып сезінгеніңізді жұбайыңыз Марфуға әжеммен шие тергенде еске алыпсыз. «Бірақ поляк қыздарына қазақтың сұлу қызы Марфуғаға жету қайда!»- деп әзілдегенініз біздің үй ішінде естелік болып қалыпты.

Польша жерінің табиғаты сұлу, көрікті болсада, әскери адамдар өздерін еркін,  сезіне алмайды, әрине. Майданның аты майдан. Зұлым фашисттер жеңілгенің білсе де оңай беріліскен жоқ.Сіз қатты қан төгіс болған Бреслау қамалын алуында ауыр жарақаттаныпсыз. Әскери госпитальда жатып, емделіп, қайта әскери қатарға қосылуңа шығарда, Германия капитуляция айтып, жеңілгенін мойындап, Ұлы Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алыпсыз.

Молдағали-ата! Сіз елге аман-есен, аяқ-қолыңыз сау оралып, қызу еңбек майданына кірісіп кетіпсіз.  1966 жылы зейнеткер атаныпсыз. Марфуға әже екеуіңіз бес баланы тәрбиелепсіздер. Ал Ұмсынған қызыңыз жоғары оқу орнын бітіріп, туған жерінде, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Шиелі ауылында ұстаз болып еңбек етті. Біз сол қызыңыздың ұрпағына жатамыз, сізге жиен немеңіздерңміз. Бүгінде Марфуға әже дүниеден өтті.Өкінішке орай сіздің медальдарыңыз қазіргі уақытта сақталмаған екен.Бірақ ,ата-анамыз бізге сіз туралы көп айтады.

Оразбекұлы Молдағали- ата! Сіздің бүкіл өміріңіз, Отанға жасаған ерлігіңіз, адал еңбегіңіз, колхозды басқару қызметіңіз ел есінде. \сіздің кіндік қаны тамған жеріңізде, туған ауылыңыз Шиелінің бір көшесін сіздің аты-жөніңізбен  зор құрметпен аталды.

Бұл соғыс әлемдік тарихты, адамдар тағдырын, әлемдік картаны өзгертті.

Сіз оған зор үлес қостыңыз. Сізге мың алғыс! Сіз келешек ұрпаққа жарқын, еркін, бақытты өмір сыйладыңыз. Ата, сіздің арқаңызда із бейбітшілікте, тыныш өмір сүріп жатырмыз. Ертеңгі күніміз тұрақты, жарқын. Күн сайын біздің өмір көркейіп,үлкейіп бара  жатыр. Сіз өмірдің ащысын да, тұщысын да көрдіңіз. Соның бәрі біз үшін. Біз, сіздің жиен неменелеріңіз, осы хатты Сізге арнап отырмыз. Біз сіз жайлы өзіміздің достарымызға, құрдастарымызға, жора- жолдастарымызға және интернет желісі арқасында барлық елге  айтамыз.

Сіздің неменелереңіз Сәрсен Айзада, Басанова Аяулым, Басанова Дина.

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»ММ-нің 6 «Ә», 7 «Ә» сынып оқушылары.

Редактор

Recent Posts

“Солнечный” на закате: почему в Костанайской области продают старые лагеря, когда их так не хватает?

Корреспонденты "КМ" обнаружили выставленный на аукцион бывший пионерский лагерь "Солнечный", расположенный в живописном Мендыкаринском районе.…

4 дня ago

Предприниматель Орал Нурабаев создал все условия в своем магазине для людей с ограниченными возможностями

На входную группу магазина «Саят» со всеми требованиями закона РК и пожеланий посетителей, местный бизнесмен…

1 неделя ago

На темпы уборочных работ по Мендыкаринскому району влияют переменные погодные условия

Несмотря на непогоду, аграрии района  делают высокие ставки на урожайность и закупочную цену на зерновую…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе прошла акция «День донора»

Мероприятие направленное на пополнение запасов крови для нуждающихся, проходила в здании районной больницы. (далее…)

2 недели ago

Бауржан Карамакин удостоен звания «Почетный гражданин Мендыкаринского района»

В честь празднования 95-летия района и за вклад в развитие родного края, созидательный труд и…

2 недели ago

Школьник из Мендыкаринского района получил за победу в конкурсе 3 миллиона тенге

Сельский школьник Азат Медетұлы – призер конкурсов эссе, выразительного чтения и конкурсов по казахскому языку…

3 недели ago

This website uses cookies.