Тоғызқұмалақ – ақыл-ойдың ұшқырлығын талап ететін ең күрделі ұлттық ойын түрлерінің бірі
Зерттеушілер оның төрт мың жылдық тарихы бар, өте пайдалы зияткерлік ойын дейді. Ағымдағы жылдың 25-сі мен 2-ші сәуір аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы жастары арасында ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан чемпионат өтті.
Қостанай облысының құрама командасына Асхат Айсаев, Рауан Мінайдаров, Диас Мұқатай, Жансая Смаилова кірді. Бұл спортшылар тоғызқұмалақ ойынының ережесін, тәлімгерлері Ырысбай Үмбетовтан үйреніп, бүгінде үлкен жарыстарда өз бақтарын сынап жүрген мықты спортшылардың қатарында.
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Жансая Смаилова намысты қолдан бермеді. Үлкен еңбек пен дайындықтың арқасында тоғызқұмалақшы Жансая жеңіс тұғырынан көрінді. Оның қоржынына бір алтын, бір қола медаль қосылды. Ол өткен чемпионатта өзінің жақсы дайындықпен келгенін көрсетіп, мықты спортшы екенін дәлелдей білді. Жансая тағы бір мәрте тоғызқұмалақ шебері екенін көрсетті.
Жансая Смайлова біздің ауданымыздың мақтанышына айналған, нағыз мықты спортшыларыдың бірегейі. Ұлтық ойынның сырын жақсы игерген нағыз тоғызқұмалақшы. Жансая бүгінде Қазақстан Республикасының құрамасында және Қазақстан Республикасының спорт шебері. Жансаяның бүгінгі күнге дейін жеткен еңбегі мен жетістіктеріне бапкерлері де дән риза.
– Әр спортшының жеткен жетістігі, бапкер үшін үлкен қуаныш. Жансая да біздің үмітімізді ақтап, көп жарыстарда өз бағын сынап, намысты қолдан бермей жүрген спортшылардың қатарында. Тоғызқұмалақ күрделі ойындардың бірі. Ол бұл күрделі спорт түріне аса жауапкершілікпен қарайды. Алдағы күнде Жансая қызымыздың болашағына деген үміт зор. Әлі талай биік белестерді бағындырып, сан мәрте жеңіс тұғырынан көріненрі сөзсіз,-дейді Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Батырхан Әбілбеков.
Ауданымыздың мақтанышына айналып, облысымыздың намысын қорғап жүрген Жансая Смаилова үшін, тоғызқұмалақ өмірінің бір бөлшегіне айналды. Дәстүрлі ұлттық ойынның қыр-сырын игерген жас спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы күндерде Ақтөбе қаласында өтетін қыздар арасындағы командалық чемпионтта сәттілік тілейміз. Жансая аталмыш чемпионатта да жақсы жетістікке қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдіміз.
Тұрсынай Мұхтарқызы
С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)
Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…
В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…
This website uses cookies.