1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің төрінде бастау алды

Ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымызды мерекемен сахна төрінен аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Мереке күні  Меңдіқара ауданының жас ұрпағын тәрбиелеудегі көп жылдық еңбегі үшін және белсенді қоғамдық жұмысы үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен  Өтегенов Марат Нұрұшұлы, Асеева Любовь Федоровна марапатталды.

Салтанатты жиын аналарымыз бен аталарымыздың құрметіне арналған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен Мұрат Нағашыбайдың орындауында терме, Мейір Нұрмұхамбетовтың тарту еткен күй шашуы көрерменнің көңіл төрінен ерекше орын алды.  «Жұлдыз» халықтық хореографиялық би тобының мың бұралған биі де мерекенің сәнін келтірді. Дәл осынау мерекеде «Ақ әжелер» ансамблі, «Подвиг» ардагерлер хоры, «Березка» вокалдық тобы, «Нұр-стайл» жастар тобы өз өнерлерін ортаға салды. Мұрат Нағашыбайдың жетекшілігіндегі «Тамаша» жастар театры да өз көрермендеріне жаңаша қойылымдарын тарту етті. Ондай-ақ, Достияр Қайдаров, Ғалымжан Маутанов, Марат Өтегенов, Қарлығаш Құсаиновалардың орындауларындағы тамаша әндер әрбір жанға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қорытынды сөз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Кубеков барша мереке иелерін құттықтап, лебізін білдірді. Сондай-ақ, үлкенді ізет етіп, мерекеге арнайы қатысып отырған аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлына ақсақалдар атынан алғыс сөзін білдіріп, еңбек жолына сәттілік тіледі.

Мереке күні аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков, аудан әкімінің орынбасары Әсет Акижанов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алла Тишбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Кубеков Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Мартынович Николаевты арнайы құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етіп деніне саулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Григорий Мартынович өз кезегінде арнайы ат басын бұрып құттықтап келген аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

46 минут ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

1 день ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 неделя ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 неделя ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.