Categories: Новости

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!

Өнерлі, өнегелі жұп  Тұрағұлов Мұрат Темірбекұлы мен Гүлнұр Қабитанқызы ұстаздық қызметте де әріптес жандар

Бір оқу орынын тәмәмдаған олар, қолдарына диплом алған сәттен бір отбасы атанып алғашқы еңбек жолдарын да бірге бастаған екен.

Біраз жылдар Қаражар негізгі мектебінде адал еңбек етіп, қарапайым ұстаздық жолдан басталған еңбегінің нәтижесінде Мұрат ағай директорлық қызметке де тағайындалды. Бүгінде Көктерек негізгі мектебіне басшылық етуде.  Гүлнұр апай да  өз мамандығының майталманы. Алдына келген талай бүлдіршінге әліппе танытып, қалам ұстатқан білікті педагог.  Биылғы жылы Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап отырған 23 бүлдіршінді қабылдап отыр.

– Марқұм әкем Қабитан Смағұлұлы Ұзынкөл ауданына қарасты Обаған ауылында 45 жылға жуық ұстаздық еткен жан еді. Өзімнің туып-өскен отбасымда екі бірдей апам да мұғалімдікке оқыған. Мен де әкемнен үлгі алып ұстаз атанып, ол кісінің ұлы ізін жалғап келемін. Өз мамандығыма бала күнімнен ғашық болып, есейіп ер жеткенде де осы мамандықты жаныма серік еттім. Соныдықтан жүрек қалауым болған ұстаздық қызметке қашанда үлкен жауапкершілікпен қараймын, – дейді Гүлнұр апай өз сөзінде.

Мұрат ағай мен Гүлнұр апайымыз ұстаздық қызметтен бөлек өнер саласында да өзіндік орындары бар нағыз талант иелері екенін айта кеткен жөн болар. Әрбір аудандық, облыстық іс-шараларға белсене ат салысып, ұлттық өнерімізді дәріптеу жолына  зор үлес қосып келе жатқан өнерлі жандар. «Меңдіқара дауысы!», «Айгөлек», «Бозторғай», «Бала дауысы» сынды аудандық, облыстық ән байқауларының жүлдегері атанып жүрген кенже қыздары Гүлсезім де өнерден кенде емес. Білім саласы бойынша жеткен жетістіктері өз алдына бір төбе. Бос уақытта бас қосқанда отбасының сүйіктісі ісі ұлттық аспапта ән салу. Мұрат ағай баян, гитара, домбыра аспаптарын еркін меңгерген. Балаларына да үйретіп келеді.

Ал ағай мен апайдың білім саласына сіңіріп келе жатқан өлшеусіз еңбектері қашанда аудандық, облыстық білім беру саласынан, өздері тәлім-тәрбие берген шәкірттерінің жетістіктерімен бағалануда.

Ұлдарын ұяға қыздарын қияға қондырып Мұрат ағай мен Гүлнұр апай ата әже-атанып, шаңырақтың тұңғышы Мейрамбек ұлдары мен Ұлбала келіндерінен Медина есімді немере сүйіп шаттыққа кенелуде. Ортаншы қыздары Мақпал да ана ізін жалғап бүгінде бір әулеттің келіні атанып отыр.

Осындай бәйтеректей мәуелі ұстаздар отбасын алдағы келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, озық ойлы шәкірт тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектеріне бас иеміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

2 часа ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

1 день ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 неделя ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 неделя ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.