14 қараша – Халықаралық логопедтер күні

Логопед – тіл қызметінің қалыптасуын, фонетикасын, лексикасын, грамматикалық қатарын, тіл мүкістігін түзейді

Бүгінгі таңда бала тілінің кешеуілдеп шығуы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Тілінде мүкістігі бар бүлдіршіндер логопед маманының жіті бақылауында болуы тиіс. Логопед маманына артылар жүк тым ауыр. Осындай ауыртпашылығы мол саланы таңдаған маманның бірі – Әсем Тәтімбекова. Ол Қостанай педагогикалық институтын тәмамдаған кешегі студент болса , бүгін мықты маман бола білді. Ол бүгінде өз жұмысының қыр-сырын жақсы меңгерген білікті маман. Қазіргі таңда Меңдіқара аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде абыройлы жұмыс жасауда. Ол әрбір баланың дұрыс сөйлеп кетуіне қол үшін беріп, күнделікті қажырлы еңбек етуде. Алдына келген ата-аналардың тілін тауып, бүлдіршіндердің тілін баптап келеді.

Әсем баланың тілін ғана емес,  жанын түсінетін, жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын білімді де, білікті маман. Алған білімін бала тәрбиесіне арнап, әр ата-ананың алғысына бөленуде. Жұмысын басты орынға қойып, балалардың дамуындағы кемшіліктерді барынша түзету және қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етуде. Оның жасаған жұмысына мекеме басшысы Ольга Овчарова да дән риза. Әсемнің атқарар жұмысының жүгі ауыр және ол өз жұмысын адал және аса жауапкершіліпен атқаратынын жасырмады.

– Менің бұл салада еңбек еткеніме сегіз жыл уақыт болды. Сегіз жылдың ішінде өз жұмысымда қиылы да, қызықты сәттерді бастан өткердім. Алдыма мұңын айтып келетін ата-ана, ерекше денсаулықпен келетін бала да жетіп артылады. Әр қиналған жанның  жанын түсініп, көмек көрсету менің парызым. Мен өз мамандығымда адамгершілікті басты орынға қоямын. Мамандығымыз үнемі жаңашылдықты, ізденісті, үлкен еңбекті талап етеді. Қиналып келген сәбиге үміт отын сыйлау мен үшін үлкен қуаныш, – дейді Әсем Тәтімбекова.

Әсем жұмысында білімді маман болса, отбасында аяулы ана, сүйікті жар, ибалы келін. Жолдасы Сейіт екеуі перзенттеріне саналы тәрбие беріп, көпке үлгі болуда. Бұл отбасында қарлығаштай Айдана есімді қыздары, әке үмітін ақтар Санжар есімді ұлдары өсіп келеді. Ұл мен қызды қатар тәрбиелеген жас отбасы, балаларының ертеңінен үлкен үміт күтіп, бүгінде балаларына жақсы тәрбие беруге тырысуда. Әрқашан бір-біріне демеу болып, отбасы құндылығын басты орынға қояды екен.

Мереке қарсаңында балапандардың болашағына үлкен үміт сыйлап жүрген Әсемнің отбасына амандық, жұмысына мол табыстар тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

4 дня ago

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы…

4 дня ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің…

1 неделя ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

1 неделя ago

This website uses cookies.