9 қазан айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған пошташылардың төл мерекесі

Дүниежүзілік пошта күні  Біріккен Ұлттар Ұйымында атап өтілетін Дүниежүзілік мерекелердің бірі

Күнделікті халыққа келелі қызмет көрсететін пошташылардың еңбектері орасан. Сәлемдеме, ақпарат, зейнетақы, газет-журнал тарату пошта қызметкерлерінің  күнделікті атқаратын жұмысы мен міндеті. Бұл тұрғыда аудандық пошта байланыс торабы қалтқысыз еңбек етуде. Жалпы саны 53 қызметкер Меңдіқара аудандық пошта бөлімінде абыроймен еңбек етуде. Несинің рәсімделуі, клиенттің көңілінен шығып уақытылы және сапалы қызмет көрсетудің барлығы пошта қызметкерлерінің мойынына жүктелген жұмыс.

Қызығы мен қиындығы мол салада инкассаторлардың да атқаратын жұмысы жетерлік. Хабарлама, құнды құжаттар, зейнетақыны уақытылы және белгіленген мекен-жаға жеткізу бұл инкассатор қызметкерлерінің шаруасы. Аталмыш пошта бөлімінде бүгінгі таңда бес бірдей инкассатор халыққа қызмет көрсетуде. Жауапкершілігі мен ауыртпашылығы мол жұмысты атқарған инкассаторлар ешқандай қиындыққа қарамастан халыққа мол ықыласпен өз қызметтерін көрсетуде.

– Біздің мамандығымыз өзгелердікінен ерекше. Қызығы, қиындығы, кедергісі жетерлік. Басты мақсат халықтың, аудан тұрғындарының көңілінен шығу. Межеленген уақытта зейнетақыны өз мекен-жайына жеткізу, қауіпсіздік шараларын сақтау біздің таңнан кешке дейін, күн сайынғы уақытпен санаспай атқаратын жұмысымыз. Әріптестерім жұмыстарына тиянақты, күрделілігіне қарамастан адал атқаруда, – дейді аға инкассатор Қуаныш Көбеков.

Талай жыл инкассатор қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Серік Мәліков, өз жұмысының  қыр-сырын жақсы игерген Бекболат Мұхамбетжанов, Айбар Дүйсембаев және Есенғали Дюсекин бүгінгі күнде аудан орталығы мен  ауыл окруктері тұрғындарына қызмет жасауда. Ауыр мамандықтың жүгін арқалаған азаматтар ауа-райының қолайсыздығы, күннің ыстығы мен суығы, жол торабының кедергілеріне қарамастан өз жерлестерінің қамы үшін еңбек етуде. Мекеме басшысы Наталья Шудегова да өз қызметкерлерінің еңбектеріне дән риза екендігін жасырмай, мереке иелерін құттықтай отырып, толағай табыстар тіледі.

Бізде өз атымыздан барша пошта қызметкерлерін келіп жеткен кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңзге жеміс, күш-жігер, толымды істеріңізге сәттілік тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.