Орталық алаңда карантиндік шектеуден кейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Наурыз айынан бері ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін ұйымдастыруға тыйым салынған еді. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай алғаш рет орталық алаңда аталмыш шара бастау алды

Асыл қарттарымыздың мерекесі күні  ұйымдастырылған жәрмеңкеге жиылған халықтың қарасы көп болды. Халықтың  саны көп болуы ауылшаруашылығы өнімінің сұранысқа ие екендігін байқатты. Ауданымыздың он бір ауылдық округігінен ет, балық, сүт өнімдері молынан әкелініп, тұтынушыларға қолжетімді бағамен саудаланды. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталынды.

– Мереке күні  өткізілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі көңілімізден шықты. Қарттар мен зейнеткерлердің қамын ойлаған жандарға, ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Сөредегі өнімдер сапалы және қолжетімді. Керек заттың, күнделікті қолданылатын өнімнің барлығы бар. Осындай игі шаралар дәстүрлі түрде  ұйымдастырылып тұрса,- дейді ауыл тұрғыны Көшербай Өтесов.

Аға буын өкілдері мен жиналған жұртшылыққа бұл күні аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды. Биден бөлек, әуезді әннен де шашу шашылды. Өнерлі өнерпаздарымыз тұрғындар мен қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ыстық ықылас пен қошеметке бөленді.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.