Аңыз домбыра – абыз домбыра

Биылғы жылы да домбырашылар флешмобын ұйымдастырып «Тепеңкөк» халық күйін 35 домбырашы орындады.

Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

Ұлттық өнерді ұлықтайтын аспабымыздың бірі домбыра.

Домбыра қазақтың киесі, қазынасы, қазақ пен домбыра егіз ұғым.

Мұңайса да, шаттанса да, қуаныш пен қайғыны да домбырамен жеткізген.

Домбыра – қазақ халқының кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. 2000 жылдық тарихы бар, көненің көзі, қазақтың жаны. Алтай мен Атырау арасындағы алқаптың үні, бабалардың үнін, қос ішек пен бір тиекке сыйдырған нағыз аспап.

Тұңғыш Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 13 – ші маусымда қазақтың қасиетті аспабын дәріптейтін күнді шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп жариялап, ұлттық аспабымыз домбыра өз мәртебесін алып, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихынан лайықты орын алған болатын.

Ағымдағы жылдың шілде айының алғашқы жексенбісі 5 – шілде қазақ елі үшін, Қазақстандықтар үшін ерекше күн деуге болады. Уақыт өткен сайын қадірі  еселене түскен, қасиетті домбыраның төл мерекесі,  Ұлттық домбыра күні. Қазақ өнерінің асыл діңгегі қасиетті қара домбыраның салтанат құрып, рухымыздың асқақтай жаңғырған күні.

Аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің ұжымы да жыл сайын осы Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарламасын халықпен бөлісуде. Биылғы жылы да домбырашылар флешмобын ұйымдастырып «Тепеңкөк» халық күйін 35 домбырашы орындады.

Карантиннің санитарлық нормаларын сақтай  отырып  флешмобқа ауылдардан  және аудандық өнер мектебінен ұстаздар мен шәкіртер  қатысып өнер көрсетті. Аудандық мәдениет үйінің домбырашылары  МейірНұрмухамбетов пен Байдос Қожасағиевтың дайындаған домбырашылар флешмобын @kulture_mendiqara инстаграмм парақшасынан тамашалап көре аласыздар.

Сонымен қатар, Ұлттық домбыра күніне аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындаған «Аңыз домбыра – абыз домбыра» атты ОНЛАЙН концерттік бағдарламасын 5-ші шілде күні көрулеріңізге болады.

Бұл домбыра, Тәттімбеттің күйі мен Қазанқаптың қағидаларын бүгінге жеткізген, Біржан мен Сараның өткір сөзіне тиек болып, Құрманғазы мен Динаның саусағынан күй болып төгілген қасиетті аспап.

Қос ішектің күмбірін естісе делебесі қозып, рухани жаңғыра түсетін қазақ елін, жаны жырға құмар  жұртшылықты, бүгінгі төл мерекеміз, ұлы мерекеміз, домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

4 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

6 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.