Өзімнің еңбегіммен балаларыма үлгі болғым келеді

дейді Сосна ауылдық округінің әкімі Тасмұхаммет Тасбаев

Ерең еңбегімен еліне үлгі болған, көптің құрмет-қошеметіне бөленген нағыз еңбек майталмандарының ордасы Сосна ауылдық округінің тыныс-тіршілігі көпке үлгі.

Бүгінгі таңда аталмыш округтің қарамағында 6 шағын ауыл яғни, 1908 тұрғын. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, ауылшаруашылығы саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған жергілікті «Агрофирма Қарқын», «Родник», «Каменскуральск» ЖШС-рі және «Уакбаев», «Родник», «Лесков» шаруа қожалықтары.

2019 жылдан бастап округ әкімі қызметіне тағайындалған туған елдің түлегі Тасмұхаммет Тасбаев аталмыш уақыт ішінде еңбекке етене араласып, тұрғындардың ықыласына бөленді. Тасмұхаммет Нұрғожаұлы 1984 жылы Боровской ауданының Харьков ауылында еңбекқор әрі көп балалы жанұяда дүниеге келген. Әкесі өмір бойы механизатор болып жұмыс істеген, анасы қарапайым еден жуушы болыпты. Осындай адал еңбекпен, маңдай термен келген табысты көрген Тасмұхаммет Нұрғожаұлы еңбекке жақын әрі оны бағалап ер жеткендігін жасырмады. Үйдің кенжесі болғанымен өмір оны еркелете қоймаса керекті, мектеп қабырғасында оқып жұргенда әкесі дүниеден озса, жоғары оқу орнының 2 курсында оқып жүргенде анасынан да айырылып қалады. Дегенменен, еңбектің наны тәтті дегенді естіп өскен Тасмұхаммет Нұрғожаұлы 2006 жылы ҚР ӘМ Академиясын ойдағыдай аяқтап, қолына дипломын алған. Алғашқы еңбек жолын Меңдіқара АІІБ-нен бастап, жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. 2016 жылдан бастап Первомай ауылдық округі әкімдігінде бас маман қызметін атқарып, 2019 жылдан бастап бүгінгі Соснов ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалған.

Өз ісіне мығым, ауыл тұрғындарының мәселесін жергілікті шаруашылық басшыларымен бірлесе отыра шешіп, әрбір тұрғынның қолайлы өмір сүруіне қолдан келген шараны жасап отыр. Биылғы жылы ауыл орталығын көгалдандыру-көріктендіру жұмысы бойынша орталық саябақ, көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Сондай-ақ, ауылдың басты мәселесі ауыз судың төлем бағасын төмендетуді қолға алған ауыл әкіміне тұрғындар дән риза.

Тасмұхаммет Нұрғожаұлының хоббиі спортпен шұғылдану, соның ішінде футбол ойынын ерекше жаны сүйеді. Қазіргі күні жергілікті ауыл жастарының басын қосып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқаруда.

– Мемлекеттік қызметтің орны бір бөлек, жауапкершілігі зор. Бос уақыт бола қалғанда, демалысты тек отбасыма арнаймын. Жолдасым Күлтай Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері, балаларымыз Амірәли мен Алинұр мектеп оқушылары. Өзімнің еңбегіммен, адалдығыммен балаларыма үлгі болғым келеді. Оларды да спортқа баулып келемін. Спорт салауатты өмір салты, сондықтан дені сау ұрпақ ұлт болашағы дегенді қолдаймын – дейді, өз тәжірибесімен бөліскен Тасмұхаммет Нұрғожаұлы.

Ауылға көрік беріп, қашанда туған еліне, жеріне қызмет етуден тайынбайтын азаматтар барда біздің болашағымыз жарқын екеніне кәміл сенуге болады.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

5 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

6 дней ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

6 дней ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

1 неделя ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.