Categories: Новости

Адал еңбегімен еленген жан

Біздің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп –гимназиясы тағы да бір тағлымды шара өткізіп, жастарға үлгі бола білді

1981 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі өмірін ұстаздық жолдағы білім деген күреспен  өткізіп,  сол жолда ешқашан  жеңілмеген, сөнбеген, мықтылармен тереземіз тең болып теңесіп келе жатқан ұстаз Злиха Ғиссақызының 60 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылған ашық шара арнайы шақырылған қонақтармен, 2002, 2011 жылғы түлектермен толықты. 1977 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1981 жылы аяқтап, 1985 жылдар аралығында Амангелдідегі техникалық училищесінде тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарып, қазіргі таңда Меңдіқара өлкесінде жас ұрпаққа білім беру жолында тұғырлы жеңістерді бағындыра білген біздің кейіпкерімізбен «Тарих беттері» , «Суреттер сөйлейді» деген айдар барасында   жылдарды сөйлетіп, болашақты болжата білдік.

Талай мәрте Құрмет грамотасының иегері атанса да ешқашан масайрамаған, менменсіп көкірегін кермеген, қашан болсын даналығымен қасыңнан табылатын  жанға мектеп ұжымы түрлі шығармашылық қабілеттерімен тосын сыйларын тарту етті.  Аудан мектептерінен келген тарихшылармен де орта толды.  Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірініш орынбасары Алла Тишбаева,  аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлбарам Каленова Злиха Ғиссақызын алғыс хаттарымен марапаттады. Осындай ұлағатты ұстазға қандай құрмет көрсетсекте артық болмас. Еңбегімен елге танылған, өскелең ұрпақтың саналы білімі үшін еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыз аман болсын.

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Еркінбайқызы

Редактор

Recent Posts

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

4 часа ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

1 день ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.