Categories: Новости

Жас кәсіпкер

Жаңа бизнестің көзін ашқан Назкен Оразбаеваның қызметі сұранысқа ие

Нақты мәліметтер бойынша клинингтік қызмет Еуропада 17 ғасырдың соңында-ақ, нағыз еңбек көзі болып табылса, 19 ғасырда Англияда бұл қызмет бизнес көзіне айналған. Ал, Ресейде клинингтік компаниялар 1990 жылдардан бастап халыққа қызмет етіп келеді екен.

Бүгінде заман талабына сай клинингтік қызмет түрін аудан орталығынан алғаш болып ашып отырған Назкеннің бизнесі алға басып келеді. 2018 жылы аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалында «Бастау бизнес» курсынан өтіп, қолына сертификат алып, бизнестің қыр-сырын меңгерген ол өз алдына кәсіп ашуды ойға алады. Әрине, аудан халқына тиімді, күнделікті сұранысқа ие бизнес-жоспар құру да зор еңбекті талап етті, – дейді кейіпкеріміз. Өз бизнес жоспарын егжей-тегжейлі ойластыра келе, нақты шешім қабылдайды. Нәтижесінде Назкеннің бизнес-жоспары мемлекеттік грантты жеңіп алып, көп күттірмей өз жұмысын бастап кетті. Жолдасы Ниязбек те отбасылық кәсіптің алға басуына қолдау білдіріп, Назкенге демеушілік танытып келеді.

«Cleanplus_boro»-ның бүгінде әр маусым сайын тұрақты тапсырыс жасайтын тұтынушылары да бар. Назкеннің клинингтік қызметінде кілем, төсеніштермен, жұмсақ жиһаз, автосалонды да кәсіби құрылғымен тазарту қарастырылған. Тапсырыс берушілердің айтуынша сапалы тазарту тиімді баға.

– Біздің ауданымызда алғаш рет ашылып отырған клинингтік қызмет. Бастысы сапалы қызмет, бұрындары еден төсеніштерін өзіміз жуып әуреге түсетінбіз. Үйдегі жұмсақ жиһаздардың кірі мен дақтарын кетіру дегеніміз тіпті қиын еді. Қазір  «Cleanplus_boro»-ның  қызметіне жүгінеміз. Тапсырысты уақытында орындайды, сапасы да жақсы. Осындай қызмет түрінің аудан орталығынан бой көтеріп жатқанына өте қуаныштымыз, – дейді тұрақты тапсырыс берушілер.

Ауылдық жерде де халықтың сұранысына ие жеке кәсіппен айналысуға болатындығын дәлелдей білген еңбекқор келініне енесі Алмагүл апай да риза. Баласы мен келініне әрдайым ақ батасын беріп, немерелеріне шуағын шашып, тәлім-тәрбие беріп отырады.

Адал еңбектің наны қашанда тәтті, екі қолға бір күрек тауып отбасының несібесін еселеп отырған Ниязбек пен Назкеннің жаңа бастамаларына сәттілік тілей отырып, еңбектерінің жемісін татып, өзгелерге үлгі болсын деген ниеттеміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Почетными званиями и подвесками «Алтын алқа» наградили жительниц Боровского

Заслуженных наград были удостоены Елена Молдабекова и Анастасия Чернова. Обе женщины воспитывают по семь детей,…

19 минут ago

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 недели ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

3 недели ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

1 месяц ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

1 месяц ago

This website uses cookies.