Алтын құрсақты ана – 85 жаста!

Үлкенге құрмет-кішіге ізет деген сөз әрдайым жадымызда

Ал, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында елімізде егде  адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып келетіні көңіл қуантады.
Қарақоға ауылының тұрғыны Балапан Байманова «Алтын алқалы» ана, немере-шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Балапан әжеміз өзі Бекдаутов отбасының тұнғышы. Елімізбен шекаралас жатқан  Россия  мемлекетінің  Костыгин Лог деген елді-мекенінде  1935 жылы дүние келіп, балалық шағы сол жерде өткен екен. 1955 жылы  Байманов Смағұл деген жігіттің етегінен ұстап, шаңырақ көтерді.  1962 жылы   3 баламен елге  оралып, Қаратал совхозында талай жыл сауыншы болып еңбек жасаған кісі. Туған  жерде ұрпақ жалғастырып, дүниеге  тағы  төрт перзентін әкелген алтын құрсақты ана  отыз алты жасында  жеті баламен тағдырдың жазуымен  жолдасынан айырылып  қалады. Басқа түссе баспақшыл демей ме, арқасына  арқалаған тұрмыс жүгі қанша ауыр болса да, Балапан әжей басына түскен қиыншылыққа мойымаған. Алдына үлкен мақсат  қоя отырып, қанша қиын  болсада, балаларын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп жеткізді.

Қамшының сабындай қысқа жалған дүниеде адамгершілігі жоғалмай, мейірімі сарқылмай, жомарттығы кемімеген адам ғана жеңіс табады. Міне, Балапан әжеміз, қазіргі уақытта ұрпағының жемісін көріп отырған жан десе де болады. Жеті ұл-қыздан он бес немере, жиырма жеті шөбере көріп отырған бақытты әже. Үлкен ұлы Сабыржан  механизатор болып еңбек жасап, қазіргі уақытта  зейнеткер ата. Екінші ұлы Сақтаған  Садчиков ауылының  әкімі боп қызмет атқарады. Қызы Баян Ресей елінде, мамандығы бойынша дәрігер болып еңбек етіп, қазіргі уақытта зейнеткер. Ұлдары Сапабек   Боровской селосында  механизатор, Әнуарбек жастайынан ауыл еңбегіне араласқан, қазір Рудный қаласының тұрғыны.  Қызы Сәуле  немере сүйіп отырған әже, кенжесі Елдос Ұзынағаш Шекара Заставасының жауынгері болып қызмет жасады, қазіргі таңда зейнеткерлік құрметті демалыста.

Әулеттің үлкен-кішісі мереке сайын қара шаңырақта жиналып, әжелерінің ақ батасын алып мәре-сәре болады. Осындай ұрпағына саналы тәрбие бере білген Балапан анамыз бүгінгі күні 85 жасқа келіп отыр. Әрдайым қазыналы қарттарымыз ортамызда жасай берсін демекпіз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

1 день ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

1 день ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

1 день ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 дня ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

2 дня ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

3 дня ago

This website uses cookies.