Бала бойына тәрбие мен білімді құя білген,  ұлы есім иесі ұстаздар қауымының төл мерекесі қарсаңында біздер өмірлік қол ұстасып келе жатқан қос ұстаз Еркебұлан мен Айзатты  қалың оқырман қауымға таныстыруды жөн санадық. Еркебұлан Сүндетов пен Айзат Шайхина Арқалық қаласының Педагогикалық институтының түлектері. Туған жерлері киелі Торғай мекені болғанымен жас мамандар бүгінгі күні Сосна ауылдық округінің жергілікті тұрғындары.

Еркебұлан заман талабына сай, сұранысқа ие информатика саласынын маманы, жұбайы денешынықтыру пәнінің ұстазы. Екеуі шаңырақ көтеріп, жас отбасы атанған күннен  алғашқы еңбек жолдарын ауылдық жерден бастауға еш қарсы болмайды.

-2014 жылы Сосна орта мектебіне жұмысқа қабылданған күннен сол кездегі мектеп директоры Сәуле Балкенқызы Бисенова бізге ерекше қамқорлық танытып, жол сілтеді. Мектеп ұжымы да жақсы қабылдады, соныдықтан болар біз де жаңа ортаға тез бауыр басып кеттік. Жас манан ретінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында баспаналы болып, қайтарымсыз көтерме ақыға да ие болдық. Жалпы біз еңбек етіп отырған білім ордасында ұстаздар қауымы мен білім алушылар үшін заман талабына сай жағдай жасалған. Мектебіміз  жаңа компьютерлік сыныппен жабдықталған –дейді, Еркебұлан Сүндетов.

Айзатта өз мамандығына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын маман. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеп, сондай-ақ, облыс, аудан көлеміндегі ірі жарыстарға қосқан командалары жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Атап өтсек Сосна орта мектебінің оқушылары футболдан облыста 2 орынды иемденсе, аудан бойынша волейболдан 1 орын иегерлері.

Әкеге қарап ұл өсер дегендей  қос ұлымыз  Ерсұлтан мен Әли-Мұса да кішкентай болғандарымен спортқа да цифрлы жаңа технологияға да жақын болып өсіп келеді, әрине болашақта қандай мамандықт иесі болулары өз таңдауларында – дейді, Еркебұлан мен Айзат.  Қос ұстаз сөз соңынан барша мұғалімдер қауымын төл мерекемен құттықтап, еңбекте жеміс және шығармашылық табыс тіледі!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

5 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

6 дней ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

7 дней ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

1 неделя ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.