Categories: Новости

Ана – өмірдің бастауы

Жұмақтың кілті ананың табанының астында, қашаннан ананы өмірдің бастауы, жарық сәуленің шырағы деп құрмет тұта білген халықпыз

Бұл дәстүрдің маңызы ешқашан азайған емес. Сондықтан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 8 наурыз қарсаңында күздің бір күнін аналарға арнауды ұсынған еді. Осылайша еліміздің күнтізбесінде “Аналар күні” өз орнын алды.

Бұл күн Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Аталмыш мереке күні біз де ауданымыздың тұрғыны, көпбалалы ана, өз мамандығының майталманы Зувайра Есенгазинаға жолығып, мерекемен құттықтап қайтқан болатынбыз.

Зувайра Танатқанқызы Меңдіқара өлкесінің тумасы, бүгінде өмірлік серігі Ермек Мұратұлы екеуі қылықты қыз, ұлықты ұл тәрбиелеп, немере сүйіп отырған бақытты жандар. Отбасының тұңғышы Бақытгүл қос мамандық иесі, ортаншылары Алмагүл де екі бірдей жоғары оқу орынын тәмамдап, өз мамандығы бойынша балабақшада тәрбиеші болып еңбек етеді. Үшінші қыздары Маржан құқықтану саласының маманы, тек Гүлбаршын қыздары анасының жолын жалғап медицина саласына бет бұрған, бүгінгі күні аудандық ауруханада медбике қызметін атқарады. Қара шаңырақтың иесі, ата-анасының кенжесі Нұрсұлтан әскер қатарында Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келген ұлан, қазіргі күні жоғары оқу орыныныда білімін жалғастырып жүрген студент.

Отанасы Зувайра Танатқанқызы өз балаларымен қоса жұмыс барысында да әр балаға мейіріммен, аналық махаббатпен қарайды. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан күннен Ресей елінің Қорған облысына қарасты  Юргамыш медициналық училищесіне балалар медбикесі мамандығына оқуға түсіп, кейін қолына дипломын алғалы туған еліне қызмет етіп келеді. Бірер жыл бұрын бала саны бойынша еңбек демалысына шыққанымен бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан кейіпкеріміздің еңбек кітапшасында жұмысқа қабылданған 1981 жылдан бері «Меңдіқара аудандық ауруханасының балалар бөлімшесінің медбикесі» – деген бір-ақ, жазу бар. Бұл дегеніміз 40 жылға жуық бір мекемеде адал қызмет етіп, өз мамандығына берік болған жанның үлгілі еңбек жолы.  Отағасы Ермек Мұратұлы да ауданымызда талай жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан білікті заңгер, медиатор. 2004 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде жеке заңгер және медиатор  қызметін көрсетеді.  Адал еңбектерімен бала-шағасына үлгі көрсетіп отырған Есенгазиндер отбасымен кездесіп көңілге қуаныш орнады.

«Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілерсің» – деген қағидаға сай әр перзентіне ата-аналық қамқорлығын көрсетіп, ел игілігіне еңбек етер азамат тәрбиелеп қатарға қосып отырғанның өзі қандай да бір ерлікпен пара –пар екені айтпасада анық.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.