Categories: Новости

Еңбектің наны тәтті

Алдағы жексенбі еліміз  “Еңбек күні” мерекесін  тойлайды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен  “Еңбек күні” мерекесі тағайындалған болатын. Ол жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл ресми мереке еңбек  адамының  беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп тартуға, жұмысшылар династиясындағы көпжылдық дәстүрді нығайтуға қызмет етпек.

Өз заманында адал еңбегімен көптеген жастарға үлгі болған аға-апаларымыздың ізін жалғап егін даласында трактор, комбайн айдап еңбек етіп жүрген жандар да баршылық. Әрине, еңбек дегенде әр саланың өз майталманы, өз шебебері болары анық. Дегенменен егін даласынан әрбір дәнді ысырапсыз жиып алып, қамбаға құйып, алты ай қыста алаңсыз жатуымызға жағдай жасап, маңдай терін төгіп еңбек етіп жүрген жандардың орны қашаннан биік.

Ауданымыздың тұрғыны Батыржан Мұсабеков жастайынан егін даласында еңбек етіп келе жатқан жан. Қаражар ауылында туып-өскен Батыржан ағамыз Отан алдындағы борышын атқарған жылдардан соң еңбекке араласқандығын айтады. Он бес жылдай құрылыс саласында жұмыс атқарып, кейінгі он жылдан астам уақыт ішінде егін егу мен орақ науқанында  «Дархан – Жер» жеке шаруашылығының  тұрақты механизатор – комбайншысы. Адал еңбек еткен соң, жақсы еңбекақы аламыз. Жалпы, біздің серіктестікте жұмыскерлерге жалақы төлеу мәселесі жақсы деңгейде қарастырылған. Табысты еңбек еткендердің  жақсы еңбекақы алары да сөзсіз. Сондықтан да, әрбір жұмыскер адал еңбек етіп, мол табыс табуға ұмтылады. “Нан болса – ән болады” деп халқымыз бекер айтпаған. Байлық та, береке де – нанда! Біз, диқаншылар  оның қадірін жақсы білеміз – дейді, Батыржан ағай.

Батыржан ағай мен жолдасы Қарлығаш апай әрдайым балалары мен немерелеріне өздерінің адал еңбектерімен үлгі болып келе жатқан жандар. Болашақта немерелерім де еңбектің наны тәтті екенін ұғып өссе деймін – дейді, – диқаншы Батыржан Мұсабеков.

Біз де мереке қарсаңында барша еңбек адамдарының ісіне береке тіледік!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.