Қаратал ауылының шабандоздары атқа мініп, көк туымызды желбіретті

Биыл барша елімізді шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы

Тәуелсіздік ата-бабамыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған іс-шаралар біздің ауданымызда да өз бастауын алды.

Өткен аптада қаймағы бұзылмаған, қазақы салттын құрметтеп, дәстүрін сақтаған  жандар мекен еткен  Қаратал ауылының азаматтары «Туым – Менің Отаным» акциясы аясында бір топ  азамат атқа қонып, қолдарына ту ұстап, атты жасақ шеруін ұйымдастырды.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік туымызды насихаттап, жастардың туған елге деген отансүйгіштік сезімін ояту болды. Жүрегі елім деп соққан Қаратал ауылының бір топ азаматтары – мағынасы зор, келелі іс шараның өткізілуіне мұрындық болды.

Ауыл тұрғыны Манарбек Абдрахманов шара барысында алғаш болып сөз алып, шабандоздар мен ауыл тұрғындарына сәттілік тіледі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.

– Әлеуметтік желілерде осындай маңызы зор іс-шараның өткізіліп жатқанып көрдім. Мемлекеттік туымызды ұлықтайық, жер-жерде өтіп жатқан іс-шараға бізде қолдау білдірейік деген ой туды. Ауыл азаматтары да бірден құптады. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» деп бекер айтылмаса керек. Манарбек Абдрахманов, Азырхан Төребеков, Мақсүт Ережепов сынды ауылдың сыйлы азаматтары менің ойымды қолдап, осы шараның өткізілуіне белсенді түрде ат салысты. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан азаматтар жетерлік. Айта кетсем: «Береке-Таң» ЖШС-і, Мереке Дөненбаев, Өтебек Бекбосынов, Манат Қобыланов, Азамат Мырзағалиев, Қайрат Сәдуақасов сынды азаматтар жомартылық танытты. Көршілес Байқожа ауылының шабандоз жігіттері Асылбек Шойбасов, Еркебұлан Досанов және Самат Қасымов сөзімізді екі етпей қолдарына ту ұстап, тұлпарларына мінді. Жақсы шеру, көпке үлгі боларлықтай іс-шара өтті. Барша қолдау көрсеткен жандарға өз атымнан, Қаратал ауылы тұрғындарының атынан шексіз ризашылығымды білдіремін,- дейді іс-шара ұйымдастырушысы Берік Бекмағамбетов.

Ауа-райының қолайсыздығына, күннің суықтығына қарамай шабандоздар сәйгүліктеріне мініп, аудан-қалаларда өткізіліп жатқан патриоттық акцияға өздерінің үлестерін қосты. Ауыл тұрғындары ерекше көріністі тамашалап өздерінің зор алғыстарын білдірсе, ақ сақалды аталарымыз ақ баталарын берді.

Бұл саясатқа қатысы жоқ, тек жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ауыл тұрғындарының патриоттық сезімін оятып, республикалық челленджге қолдау білдіру аясында өткен келелі іс-шара болды. Осылайша Қаратал ауылының тұрғындары «Туым – Менің Отаным» атты шараны Введен ауылының тұрғындарына жолдады.

Аталмыш акцияны қаңтар айының он тоғызы күні Көктерек ауылының тұрғындары да ұйымдастырды.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.