Ұлы даланың шекарашылары

Қатпарлы тарихтың қойнауына көз жүгіртер болсақ, кең көңілді қазақтың ұлы даласының шертер сырлары өте көп

Тәуелсіздігімізге тәу етіп жүрген бейбіт күнімізде жауынгерлік ерліктерімен жерімізді қорғап қалған бабаларымызға мың алғыс айтмыз. Жүріп өткен тарихымызда не түрлі аумалы-төкпелі замандардың ұлтымыздың басында болғаны анық. Сондықтан да біз егемендік секілді бағымыздың баянды болуын тілеуден жалықпаған ұрпақпыз. Ал ел шетін көздің қарашығындай күзетіп жүрген бүгінгі күннің шекара сақшыларының еңбектері шаш етектен.

Иә, перзенттік міндетті жоғары дәрежеде орындау жолында әр адам түрлі мамандықты таңдай отырып, өскен өлкенің гүлденуіне үлесін тигізеді. Табиғи заңдылық. Ал, шекара шебін қырағы күзетіп жүрген сайыпқырандарымыздың ғасырлардың көшінен бүгінгі күнге дейін жат елдіктің саусағының ұшын тигізбей сақтаған мемлекеттік шекарамызды қылау түсірместен күзетіп жүрген қызметтерін ерлікке теңеуімізге болады.

Кеудеміздегі жұдырықтай жүрегімізден шыққан туған жерге деген адалдығымыз үнемі бізді Отанға деген шынайы сезімге толы қызметке жетелейді. Мұндай ар алдындағы жанкештіліктің шегі жоқ. Себебі, ата-ана, туған-туыс, дос-жаранның жиынтығынан құралған өскен өлкеге деген мөлдір сезімге толы шекарашылардың қызметі ешқашан да уақыттың өлшем бірлігінің ауқымына сыймайды. Себебі, мемлекетке деген қалтқысыз қызметтерін бойларынан жандары шыққанша жалғасатын қасиетті парыз екені белгілі.

Елінің қорғаны болу үшін дүниеге келген нар ұлдардың ісі қашанда елі мен жеріне деген маңдай терін төгер қызметімен бағаланатыны белгілі. Сондықтан да шекарашылардың сапында жүрген әр әскери қызметшінің іс-әрекеті жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындауымен өзіне лайықты бағасын алып жүр. Мұны біз шекара сызығын асқан сақтықпен күзетіп жүрген жұмыстарын теңізге қосқан тамшыдай деп баға берсек, шекара ұжымдарының ел шетін күзетудегі үлестерін – өркениетті замандағы мұхиттың үстінен найзағай атып, дауыл тұрғызар нағыз ұлы даланың батырларының ғана қолынан келер ауыр қызмет деп айтуымызға толық негіз бар!

Осындайда сулы, нулы, таулы болып келетін жұмақтай мекенді соңғы демдері қалғанша қорғап, ұрпақтарына шашау шығармастан атадан балаға мұра қылып тастаған батыр бабаларымыздың өлшемі жоқ еңбектерінің бағасы сезіледі. Осы тұста әр қандасымыздың бойындағы тұлпардың жалын тарта мінген текті ұлттың қасиетке толы асыл рухтың өзіне тәуелділікті мақтан тұтар сезімі ойнап қоя берері анық.

Ата-бабасы мен өскен жері үшін, Отаны үшін адамзат ұрпағы өзінің заманындағы қатар өмір сүріп жатқан мемлекеттерге ұялмастан тіке қарай алатын жастар мен келешек ұрпақ осындай жетістіктің арқасында дүниеге келетін болса керек. Біз осындай тарихымыз бен қатар шекара сақшыларымызбен де мақтануымыз қажет!

Манарбек Қарекенов,

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.