Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес.
Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең.
Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз, «Қарты бар елдің- қазынасы бар» – деген аталы сөз осыдан қалса керекті.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарақоға селолық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, О.Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебі ұжымы бірлесіп, демеушілердің көмегімен «Қарттарым – асыл қазынам!» атты аталар мен әжелер құрметіне ақ дастархан жайылып, мағыналы да мәнді отырыс өткізілді.
Мақсаты жас ұрпақты халқының салт-дәстүрінен нәр алуға үйретіп, олардың бойларына имандылық, үлкенді қадірлеу, кішіге құрмет көрсету қасиеттерін сіңіру.
Отырысқа арнайы шақырылған қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесінен ой бөлісіп, жас ұрпаққа еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматтары болуына өз тілек лебіздерін білдіріп өтті.
Қарттарға деген ыстық сезімдерін мектеп оқушылары Амангелді Арлан, Сакенова Дарина, Алтыбай Адия мен Жолтай Салтанат ән-бимен жеткізсе, мектебіміздің жас маманы, ағылшын пәні мұғалімі Есенгенова Ақбота да қалыс қалмай келген қонақтардың батасына бөленді. Бұл отырыста ата-әжелерімізбен ұлттық ойындар ойнатылып, отырыстың көркін қыздыра түсті.
Отырыс соңынан қарттар ұйымдастырушы топқа, әкімшілік ұжымына алғыс жаудырылып, риза болып тарқасты.
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
This website uses cookies.