Categories: Новости

Кең көлемдегі қызмет-Қазпоштада

9 қазан Қазпошта қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Халыққа қалтқысыз қызмет етуден аянбай келе жатқан біздің аудандық Қазпошта бөлімін бүгінде білікті маман Наталья Шудегова басқарып келеді. Орталық ұжымда 40 маман еңбек етуде. 14 ауылдық  округтің 13-інде автоматтандырылған қызмет түрі көрсетілуде. Былтырғы жылы аудандық Қазпошта бөлімі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, заман талабына сай жабдықталды. Күн санап қызмет түрлері де жылдам әрі сапалы электрондық жүйеге ауысуда. Дәл осы айтулы датада «Қазпошта» АҚ 26 жылдығын қоса тойлауда. Елбасының цифрландыру саясатын қолдау мақсатында мекемеде бүгінде сәлемдеме мен хат-хабар жеткізу баяғыдан жеңілдеп, цифрландырылған. Осы салада қызмет жасап жатқан жұмысшылардың барлығы Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда аянбай еңбек ету үстінде. Еңбегіне қарай, құрмет қошеметтер мен марапаттаулар да елеулі болуда. Талап пен жігерді талап ететін пошта саласының қызметкерлері қашанда құрмет пен қошеметке лайық.

Шолпан Балабаева аталмыш ұжымға 2017 жылы пошта реттеушісі ретінде жұмысқа орналасып, аз уақыт ішінде өз қызметіне деген жауапкершілігімен ұжым құрметіне бөленген маман. Еңбек жолын қазіргі күні жедел орталық учаскесінің бастығы қызметінде жалғастырып келеді.

– Жыл сайын Қазпошта бөлімінің ұжымы жас мамандармен толығып, халыққа  кең көлемдегі қызмет түрлерін ұсынып отыр. Ауыл халқы ұшін несие рәсімдеп, депозит ашу, авиа және теміржол билеттеріне тапсырыс беру, алыс-жақын шет елдерден сәлемдемелер алу мен жөнелту қызметтерінің барлығы да қолжетімді -дейді, учаске басшысы Шолпан Ғабитқызы.

Біз де өз тарапымыздан барша Қазпошта қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

9 часов ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

1 день ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 неделя ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 неделя ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.