Categories: Новости

Қарттарым – асыл қазынам!

Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес.

Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең.

Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз, «Қарты бар елдің- қазынасы бар» – деген аталы сөз осыдан қалса керекті.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарақоға селолық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, О.Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебі ұжымы бірлесіп, демеушілердің көмегімен  «Қарттарым – асыл қазынам!» атты аталар мен әжелер құрметіне  ақ дастархан жайылып, мағыналы да мәнді отырыс өткізілді.

Мақсаты жас ұрпақты халқының салт-дәстүрінен нәр алуға үйретіп, олардың бойларына имандылық, үлкенді қадірлеу, кішіге құрмет көрсету қасиеттерін сіңіру.

Отырысқа арнайы шақырылған  қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесінен ой бөлісіп, жас ұрпаққа еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматтары болуына өз тілек лебіздерін білдіріп өтті.

Қарттарға деген ыстық сезімдерін мектеп оқушылары Амангелді Арлан, Сакенова Дарина, Алтыбай Адия мен Жолтай Салтанат ән-бимен жеткізсе, мектебіміздің жас маманы, ағылшын пәні мұғалімі Есенгенова Ақбота да қалыс қалмай  келген қонақтардың батасына бөленді.  Бұл отырыста  ата-әжелерімізбен ұлттық ойындар ойнатылып, отырыстың көркін қыздыра түсті.

Отырыс соңынан  қарттар ұйымдастырушы  топқа, әкімшілік  ұжымына алғыс жаудырылып, риза болып тарқасты.

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

10 часов ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

1 день ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 неделя ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 неделя ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.