Аудан төріндегі берекелі мереке

Тоқшылықтың нышаны, орақ науқанын жақсы нәтижемен аяқтаған меңдіқаралық диқандар ауылшаруашылық күнін атап өтті.

Дәл осы күні аудандық мәдениет үйінің кіреберісінен өнерпаздар мерекелік көңіл-күйді байқатты. Мерекеде ауылшаруашылық өнімдерінен және аудандық мұрағаттың даярлаған еңбек адамдарының тарихынан сыр шертетін арнайы көрмелері орын алды. Салтанатты іс-шараның шымылдығын облыс орталығынан келген Ақжелең ұлт-аспаптар ансамблі түрді.

Сахна төрінен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Құрманғазы Садуақасов биылғы жылғы ауылшаруашылығының жетістіктерімен нәтижелерінің қорытындысымен бөлісті. Жалпы ауданымыз бойынша егін орағы гектарынан 12 центнер, майлы дәнді-дақылдар гектарынан 5 центнер көрсетіп отыр деді.

Жоғары өнім көрсеткен шаруашылықтардың көшін «Карасор GROUP», «Орлан-2004», «АгроКом-Лэнд, «Береке таң», «Қарқын», «Раскуль» бастап тұрғандығын айтты. Қарқынды жаңа технологиялардың арқасында бүгінде ауданымызда ауылшаруашылық саласы ілгері басып келе жатқандығына тоқталды.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ауданымызға асыл тұқымды ірі қара әкеліп, бүгінде мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған «Хамит», «Тобылбаев» шаруашылық қожалықтарын да атап өтті.

Бүгінгі таңда ауылшаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолаудың да маңызы зор екендігін және осы орайда біздің шаруашылық қожалықтары жоғары сортты элиталық тұқыммен және тыңайтыштар мен қатар жаңа техникамен де жабдықталуға мүмкіндік алып отырғандықтарын баяндады. Сөз соңынан Құрманғазы Әжіғалиұлы жер ананы қастерлей білген диқаншылар мен еңбек адамдарын ауылшаруашылық күнімен құттықтай отыра, ыстық ықыласын білдірді.

Арнайы облыс орталығынан келген, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Абдуов меңдіқаралық диқаншыларды мерекемен құттықтап, сахна төрінен марапаттау рәсімін жасады. Ауылшаруашылық министрлігінің төсбелгісі «Двуреченский» шаруашылық қожалығының басшысы Эдуард Двуреченский және «Жолдас» ЖШС директоры Мұхтар Кембаевқа «Құрмет белгісі» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

Еңбектегі жоғары жетістіктері үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасымен механизатор Айбек Габдрахманов «АгроКом-Лэнд» ЖШС, Ермек Қарамергенов «Орлан-2004» ЖШС, Юрий Ворожбит «Заря» АҚ, Ербол Нұрханов «Қарқын Агрофирмасы», «Раскуль» ЖШС директорының орынбасары Петр Маковский марапатталды.

Облыстық басқарма грамотасы аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Әділ Қошанов, шаруашылық басшылары Владимир Асеев, Мереке Ысмағұловқа табысталды.

Ауданымыздың ауылшаруашылық саласына талай жыл үлес қосып келе жатқан барша еңбек адамдарын сахна төріне аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков құттықтап, алғыс сөзін білдірді. Бүгінгі жасалып жатқан еңбек пен орақ науқанының жоғары көрсеткіші ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің белгісі екендігін және талай жылдық еңбек өтілі бар ардагерлеріміздің адал еңбегі көпке үлгі екендігін жасырмады.

Сондай-ақ, сахна төрінен ауданымыздың тұрмыс-тіршілігіне қашанда қолдау білдіріп, демеушілік жасаудан жалықпайтын, жүректері мәрттік пен жомарттықтан жаралған ел ағалары басқарып отырған ауылшаруашылық қожалықтарын атап, алғысын білдірді.

Мереке күні аудан әкімінің қолынан еңбек адамдары, қарапайым ауылшарауашылық саласының бір топ қызметкерлері алғыс грамотасына ие болды. Ауылшаруашылық ардагерлері Төлебай Ахметов, Орал Таңжарықов, Рафаил Файзулин, Сайран Бұқанов биылғы жылы орақ науқанында облыс бойынша біздің ауданымыз үшінші орынды алып отырғанын зор мақтанышпен жеткізіп, мерекеге келген барша қауымға ақ баталарын арнады.

Мерекелік көңілді концерттік бағдарлама барысында облыс орталығынан ән шашуын ала келген әнші Арстан Құрманов және ауданымыздың талантты ұл-қыздары өз өнерлерін ортаға салды.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

1 неделя ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

1 неделя ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

1 неделя ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе прошел республиканский турнир по грэпплингу «MENDYQARA BATYRY»памяти земляка Серика Исмагулова

Это событие, уже ставшее традиционным, в этом году достигло нового уровня, собрав на одной площадке…

1 неделя ago

This website uses cookies.