Ауылының құрметті азаматы

Қажырлы еңбектің арқасында еңбегі еленді

Қарапайым жанның қажырлы еңбегі еленіп ел мақтанышына айналып отыр.

Өткен жылдың соңында зейнеткерлікке шығып, бейнетінің зейнетін көріп отырған ағамыз Батырғали Ахметов жайлы қалам тартуды жөн көрдім. Еңбек жолын Сарыкөлде қарапайым ғана веттехниктіктен бастап, оқыған мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан обылысы аумағында жалғастырып содан кейін, зейнетке шыққанынша Меңдіқара ауданында 43 жыл еңбек еткен ағамыз қазіргі күні  Молодежный селосының зейнеткері атанып отыр. Осы жылдар ішінде мал ауруының қауіп-қатері бола тұрсада, тапжылмай табандылық танытқан ағамыз еңбектің жемісін көріп отырған жан. Ауылдастарына сыйлы, отбасының тірегі, қамқор әке, мейірімді ата атанған ағамыз, құдай қосқан қосағы, ұлағатты ұстаз Гүлбану апамызбен бақытты ғұмыр кешуде.

Ағайын – туысқа басшы бола білген  ағамызды, өзі тұратын ауыл жастары баталы атасы ретінде бағалайды. Жаңа жылдың қарсаңында ағамызды құттықтап барған сәтімізде, бізде үлкен қуаныштың куәсі болдық. Ағамызды «Қостанай обылысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы С.Қалиев мырза құттықтаған екен. Қазақы оюмен көмкерілген  шапанын  жауып, ағамыз  Алғыс хатпен марапатталды. Елге жасаған еңбегінің бағаланғанына ағамыздың еңсесінің көтерілгені рас. Жасалған еңбекті бағалаған облыс басшылығына бізде риза болдық.

«Жақсылар жақсымын » -деп айта алмайды,

«Жамандар жақсымын »- деп айқайлайды.

«Жүрген соң етегінде күнде көріп,

«Таулардың биіктігі байқалмайды» – дегендей ауылдағы ағамызды біз ұмыт қалдырған жоқпыз ба? Осы бір ой мазалап қолыма қалам алдым. Әрине, ағамыз ел ықыласына бөленіп, өзі тұратын көшенің ақ баталы атасы атанған жан. Құрметке лайықты жанды барында бағаласақ екен.

Бейнеттің  зейнетін көріп отырған ақсақал атаның отбасына және өзіне денсаулық тілеймін. Қамшының сабындай азғантай өмірде бір-бірімізді бағалап, құрмет көрсетейік!

Ұрпағыңыз өсіп мыңға жетсін, Батырғали аға! Сіздер салған сара жолды іздеріңізді басқан жастарымызға берсін!

Жұмагүл ҚАЛИЕВА

Жангелді ауылы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.