Бақытты ана, ардақты жан

Өмір мен қызмет жолында аянбай еңбек еткен – Айғанша Инертбаева жайлы

Тарихта өшпес із қалдырған, асыл жандарды құрметтеу біздің басты парызымыз.

Тоқсан жылдық тарихы бар киелі Меңдіқара елінің гүлденіп, көркеюуіне аянбай үлес қосқан ардақты тұлға, ақ жаулықты ана – Айғанша Құрманғалиқызының есімі аудан тұрғындарына етене таныс. Ол бар өмірін ұстаздыққа арнаған, ақ көңіл, ақжарқын жан.

Айғанша апамыз Меңдіқара ауданына қарасты, Керейден тараған Қоңыр, Айбас, Қазыбай, Қаракемпір ұрпақтары өскен Ақсирақ ауылында дүниеге келген. Кезінде жаны жайсаң жандар мекен еткен Ақсирақ ауылында, қазіргі таңда  жалғыз  шаңырақ өмір сүруде.

Бүгінде мерейлі сексен жасқа толған ардақты апамыз өмірдің тауқіметін көріп өскен көрінеді. Ата-анадан ерте айрылып жетімдіктің ызғарын сезініп өссе де, төзімділіктің арқасында қиындықты жеңе білді. Өмірдің қиын сәттері мұнымен тоқтамады. Соңынан ерген бауыры Кәкімжан жастай сырқаттанып, өмірден озды. Бұл ауыр соққы болды. Қиналды, дегенмен бойындағы күш-жігерін жиып ары қарай өмір сүрді, маңдайға жазылған тағдырымен күресе білді.

Көрікіне мінезі сай, өз ісіне тиянақты, салмақты болып өсті. Он жылдықты аяқтаған соң, Ыбырай Алтынсарин атындағы педучилищені аяқтап, туған ауылына оралды. Өмірлік серігі Амангелді ағайымызбен қол ұстасып, отбасын құрды.

Айғанша әжеміз еңбек жолын ең қастерлі мамандық – ұстаздыққа арнаған жан. Жолдасы Амангелді екеуі бір курста білім алып, еңбек жолдарын да бірге бастаған көрінеді.  Мыңдаған шіәкірттің жүрегіне жол тауып, мыңдаған шәкіртті білім нәрімен сусындатқан. Кіндік қаны тамған Ақсирақ ауылында талай жылдар бойы абыройлы қызмет етті.

Жолдасы екеуі мағыналы ғұмыр кешіп, үш баланы дүниеге әкелді.  Өмірдің қуанышын енді сезініп келе жатқанда, тағыда тағдырдың соққысына тап болды. Үлкен ағасының жолдасы дүниеден озып, ағасының төрт баласы анасыз қалды. Бар күш-жігерін бойына жинап, бауырларына демеу болды.  Екі отбасының тірлігі мен жауапкершілігі Айғанша апамыздың мойнына жүктелді. Қанша торығып күйзелсе де, мойымай бұл сынақтан да шығуға тырысты.

Сіңілісі Айсұлу Нұрғазинаның айтуынша:

– Апамыз өмір тауқіметін көп көрген жан. Жетімдіктің зардабын кешті, бауырынан айрылды. Артынан жеңгесі дүниеден озып, анасыз қалған төрт баланың аяққа тұруына бар күшін салды, бауырларына қамқор болды. Аналық мейірімін сыйлады. Әрқашан жайдары мінезімен айналасына нұрын шашып, ақылшы бола білді. Ақ көңіл мінез, төзімділіктің арқасында бар қиындықты жеңуге тырысты. Еш мойымады, берілмеді. Иманы жолдас болсын, жездеміз Амангелді өте қадірлі жан еді. Апамыз қиналған сәтте қолдау көрсетіп, жан-дүниесін түсіне білетін. Сан жылдар Ақсирақ ауылында мұғалімдік қызметті қатар атқарды.  Туған ауылы күні бүгінге дейін апамыз үшін өте ыстық. Апамыздың туған жеріне анап жазған жыр-шумақтары да бар.

Ақсирақ туып өскен ауылым,

Алып жатыр орман көлдің бауырын.

Құнарлы топырағы шөбі майса

Теңдесі жоқ еш жерде  де зәмзәм суы.

Әсері әндей болған жас шағымда

Жарқырап жұлдыздары аспанымда

Кір жуып, кіндік кескен қайран елім,

Шырақтай жанып бітті-ау қас қағымда.

Айғанша әжеміз жастайынан алғыр, білімді және өнерге жақын болған жан. Ол кісінің жазған жыр-шумақтары терең ойлы, мағыналы. Жүректен шыққан өлеңдері ертеңгі күнде кейінгі ұрпаққа тарих болып қалары сөзссіз.

Мерейлі сексен жасқа келген апайымыз бұгінде Ұлы Нұркелді мен келіні Айнаштың қолында. Балаларының амандығын тілеп, ақ батасын беріп отыр. Ал ұлы мен келіні перізенттік парыздарын адал атқарып, аналарын алақандарына салып, қызметтерін көрсетіп отырған көрінеді. Апамыз болса балаларының тілеуін тілеп, шөберелерінің қызығын қызықтауда. Өмірдің сан қилы соққысын кешсе де, тұғырынан түскен емес. Бұл Алланың қиындықтан кейін берген сыйы деп түсінуге болады. Айналасындағыларға бастан кешкен ұлағатты әңгімелерін, ақылын айтып отырған апайымыздың бүгінгі күні шаттықа толы. Ол бақытты ана, аяулы әже, көпке үлгі бола білген асыл жан.

Өрелі ғұмыр кешіп, көпке өнеге көрсете білген ақ жаулықты Айғанша Құрманғалиқызына денсаулық тілейміз. Перзенттерінің  қызығына бөленіп, жасай беріңіз деген ақ тілегімізді білдіреміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

14 часов ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

1 неделя ago

Ферма за фермой: Каменскуральская МТФ продемонстрировала свои возможности акиму области

23 июля Кумар Аксакалов с рабочей поездкой посетил Мендыкаринский район. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.