Береке мен сыйластықты ту еткен Оразбековтар отбасы көпке үлгі

Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарттары бар ел, қазынасы бар ел» деген аталы сөз осыдан шықса керек. Қарттардың берген тәлімі, өмірлік тәжірибесі, тәлім-тағлымдары қашанда ұрпақ үшін орны бөлек. Қай кезде болмасын қазақ халқы үшін қарияларға деген құрмет басты орында болған. Асылдарымыздың даналықтары,  өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін табылмас қазына.

Алпыс бір жыл отандасқан асыл қарияларымыз Жамал мен Кәкімжан Оразбековтардың еңбектері, жүріп өткен жолдары аудан халқы үшін таныс та шығар. Сексеннің бесеуіне келген Кәкімжан атамыз еңбек жолын ұстаздыққа арнаған жан. Талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып, туған ауданының игілігі үшін еңбек еткен көрінеді. Боровской педучилещесін тәмәмдаған соң, жолдамамен Октябрь ауданы Түбек ауылында алғаш еңбек жолын бастаған екен. Кейіннен Красный октябрь ауылының мектебіне ауысып, сол жерде өмірлік серігі атанған Жамал әжеймен танысып, отбасын құрады. Кейіннен туған жеріне оралып, зейнет жасына дейін туған ауданында шәкірттері мен ауданның игілігі үшін қалтқысыз еңбек еткен екен. Абыройлы еңбектерінің арқасында талай марапат, аудан халқының ризашылығына да бөленген екен. Әжеміз бала-шағаның тәрбиесі мен қатар талай дүкеншілік жұмысты да адал атқарған жан. Ата-ененің тілін тауып, отбасының ұйытқысы болған екен.  Түскен әулетін, абысын-ажынын ардақты ата-енесін аса жылулық, мейіріммен еске алады.

– Атаң екеуіміз бар қиындық, қуанышты бірге көрдік. Ол кезде заман басқа болатын. Алланың берген перзенттерін қатарларынан қалдырмай өсірдік. Берекелі отбасыға  келін атандым, абысындарыммен тату болдым. Алпыс бір жыл бірге өмір сүріп келеміз. Балаларымыз мереке, жиындарда алтын ұяларына ат басын тіреп жатады. Сол перзенттеріміздің тілеуін тілеп отырмыз. Бізге солардың бақытынан басқа ештеңе керек емес, заманымыз тыныш, балаларымыз аман болсын ,- дейді ақ жаулықты ана.

Жақсылықты кейінгі ұрпаққа жалғастырып, мәуелі бәйтеректей жайқалған бұл отбасының отанасы «Күміс алқаның» иегері. Бар ғұмырын жолдасы мен балаларына арнап, бүгін алтын әже атанып отыр. Кәкімжан атай мен Жамал әжеміз жүрек жылуын ұрпағына төгіп, алты баланы тәрбиелеп жеткізді. Бүгінде балалары әр салада табысты еңбек етіп, өз алдарына отбасын құрып, ата-аналарына қуаныш сыйлауда. Әр мереке сайын өскен ұяларына келіп,  ақ дастарқанның басында жиналып жататын көрінеді. Бақытты отбасының кілті – бірлік пен татулықта. Ал, саналы ұрпақтың кепілі жақсы тәрбиеде. Атадан қалған бұл сөздер Кәкімжан атай мен Жамал әжейдің балаларына күнделікті айтып отыратын ақылы екен.

Шаңырақтың ұйытқысы болған Жамал әжеміз қараша айының оны күні жетпіс тоғыз жасқа толғалы отыр. Алтын құрсақты әжемізді құттықтай отырып, ұзақ өмір тілейміз. Саналы ғұмырларын адалдық пен адал еңбекке арнаған бұл әулетке молшылық, бақ-береке тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

4 дня ago

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы…

4 дня ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің…

1 неделя ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

1 неделя ago

This website uses cookies.