15-сәуір Ұлттық Ғашықтар күні. Бұл күн «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мейрамы. Ғашықтар күнін ғашық жандар 14 ақпан күні тойлайтын еді. Соңғы жылдары «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мерекесі кеңінен тарап, тойланып келеді
Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, бұл күнде бүгінгінің Қозысы мен Баянына айналған қыз-жігіттеріміз бір-біріне деген ыстық сезімдерін білдіріп жатады.
Сүйіспеншілік пен махаббатқа толы мерекеге орай аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінде «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерт өткізілді. Мәдениет ошағының өнерпаздары махаббат тақырыбындағы тамаша әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш жүргізушілері Байдос Қожсағиев пен Елена Тарарина әнсүйер қауымыды мерекенің шығу тарихымен таныстырып, барша жиылған қауымды Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнімен шын жүректен құттықтады.
Сән-салтанатымен өткен керемет мерекелік концертке ауданымыздың беткеұстар өнер майталмандары қатысты. Айта кететін болсақ, Ғалымжан Маутанов, Владимир Леонов, Андрей Зайцев, Марат Өтегенов, Татьяна Чернова, Достияр Қайдаров, Павел Кулинич, Полина Ишекова, сондай-ақ, «Березка» вокалдық тобы тыңдарман қауымға өз өнерлерін паш етті. «Жұлдыз» бишілер тобының сұлу қыздары да мың бұрала би билеп, қошеметке бөленді.
Төл мәдениетіміз, төл әдебиетімізді ұлықтау мақсатында өткізілген кеште, көрермендер қауымына махаббат тақырыбындағы сұрақтар қойылып, көрермендер тарапынан тұщымды жауап алынды. Қызықты сұрақтарға жауап беруге асыққан көрермендеріміз Қозы мен Баянның махаббат тарихына тереңнен үңілді.
Ғашықтар мерекесімен бірге, сүйіктіңе кіршіксіз пәк сезіміңді білдіретін, жүректің лүпілін сездіретін ерекше мүмкіндік келді. Жас жігіт сүйіктісіне «селтеткізер» жасайтын, қыздар көңілі қалаған жігітке «ұйқыашар» тарту ететін мүмкіндік туындады. Бұл күнде өз сүйіктісіне «селтеткізер» жасап, қалың жұртшылықтың алдында пәк сезімін білдірген батыл жігіттеріміз де сахнаның төрінен орын алды. Өз қалыңдығына ыстық сезімі мен бірге жүзігін ұсынып, сөз салған жігітіміз қалыңдықтың келісімін, ақ жаулықты аналарымыздың ақ батасын алып, сүйіктісінің дайындаған «ұйқыашарын» қабыл алды.
– «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» мейрамы бүгінгі таңда кеңінен аталып келеді. Мыңдаған қыздың ішінен таңдап алған сүйіктіме қалың көпшіліктің алдында сезімімді білдіргенді жөн санадым. Тілекші болған жандарға, кеш ұйымдастырушыларына шексіз ризашылығымды білдіремін. Үлкен кісілердің ыстық ықылас, ақ баталарын алдық. Барша ғашық жандарды жылулыққа толы мерекемен құттықтаймын. Бұл күн мен үшін есте қалатын, қуаныш пен толқынысқа толы күн болды,-деді күйеу жігіт Еркебұлан.
Мәдениет үйіне жиылған барша қауым жастардың үлкен өмірге аттаған қадамдарына, күйеу жігіттің батыл шешіміне риза болып, қолдауларын білдіріп жатты. Жүректері бірге соғып, болашақтарынан зор үміт күткен ғос ғашық үшін, бұл күн ертегіге айналғандай болды.
Біз өз атымыздан барша ғашықтарға бақыт тілей отырып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған Еркебұлан мен сүйіктісі Күмбез аруымызға махаббаттарыңыз мәңгі болып, сезімдеріңіз ғұмырлық серіктеріңізге айналсын деген ақ тілегімізді білдіреміз.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)
20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…
Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)
Направление играет ключевую роль в формировании правовой культуры, профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и поддержании порядка…
В первую очередь сотрудники отдела по ЧС устанавливают датчики угарного газа – многодетным семьям. (далее…)
Бұл мереке – қоғамның рухани байлығын арттырып, білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген…
This website uses cookies.