Еңбек пен талап, оның адал серігі

Спорттың қыр-сырын жетік меңгерген талантты да, мықты спортшы

Қатаң талапты ұстана отырып, спортпен айналысу жетістікке қол жеткізу оңай шаруа емес. Дегенмен, жаттықтырушың мықты болса – биік шыңды бағындыруға болады. Біздің бүгінгі мақаламызға арқау болған кейіпкеріміз, ауданымыздың мақтанышына айналған мықты спортшы  – Досбол Жарасов.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп бекер айтылмаса керек. Ол қатаң талап пен тәртіпке бағынып, жан дүниесімен қалап спортпен айналысып келеді. Кез-келген ер бала спортшы, чемпион болсам деп армандайтыны анық. Біздің бүгінгі кейіпкерімізде бала күнінен спортшы болуды армандаған.

Арманы мен қызығушылығы оны алға жетеледі. Балалық арманды үлкен еңбекпен ұштастыра отырып, бүгінде мықты спортшылардың біріне айналды. Талай белестерді бағындыра білді, талай жеңіске қол жеткізді. Ол қазіргі таңда джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізді.

– Алғаш спортқа келген кезімде бокс, қазақ күресі сияқты спорт түрлерімен айналыстым. Алғаш тәлімгерлік көрсеткен жаттықтырушыларыма алғысым зор. Дұрыс бағдар берді, баулыды. Бүгінгі күнде менің жаттықтырушым – Мереке Исмагулов. Жаттықтырушым да, жанашырым да осы кісі. Ол спорттың нағыз жанашыры. Менің жеткен жетістігім осы кісінің арқасында. Талай жас спортшылардың қамын ойлап, талай жастан көмегін аямады, – дейді спортшы.

Досбол Халықаралық турнирде бағын сынап, Монғолия елінде өткен Азия Чемпионатына да жолдама алған көрінеді. Талай аудандық, облыстық, республикалық спорттық шараларда бағын сынап, ауданымызға үлкен жеңіспен оралып жүр. Әрине, жеңіс оған оңалыйқпен келмейтіні де жасырын емес.

– Біздің сала қатаң тәртіпті, күнделікті жаттығу мен дайындықты талап етеді. Сол талапқа бағынуымыз керек. Бос уақытым өте аз. Уақытым бола қалса, жаттығу жасап шынығамын. Өзімнен кейінгі келген інілеріме де спорттың қыр-сырын ұғындырып, көмектесуге тырысамын. Алда талай мақсат бар. Сол мақсатыма қол жеткізуім үшін әлі де талай еңбек етуім керек. Еңбек пен талап менің адал серігіме айналды. Үміт артқан жаттықтырушым, тілеуімді тілеген ата-анамның үмітін ақтауым керек, – деген ойын білдірді Досбол.

«Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысар» деген қанатты сөз осыдан шықса керек. Балалары намысты қолдан бермеуге тырысып, жарысқа шыққан сәтте Досболға ақ тілегін білдіріп отыратын да, тілеуін тілеп, қолдау көрсетіп, сеніммен күтетін де ата-анасы.

Желтоқсан айының бесі мен алтысы күні аралығында  біздің спортшы грэпплингтен Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, өз бағын тағы бір мәрте сынайтын болады. Барша аудан жұртшылығының атынан сәттілік серігің болсын, бағың жанып жеңіске қол жеткіз деген ақ тілегімізді білдіреміз және үлкен сенім артамыз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

14 часов ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

1 неделя ago

Ферма за фермой: Каменскуральская МТФ продемонстрировала свои возможности акиму области

23 июля Кумар Аксакалов с рабочей поездкой посетил Мендыкаринский район. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.