Ерікті ісі – қайырымдылықтың бір қанаты. Қазіргі күнде қайырымдылық жасап, еріктілік қызметті атқарып жүрген жастар. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін жастардың қатары жыл санап артып келеді. Жүрегі кең, жақсылық жасаймын деген еріктілер біздің ауданымыздан да табылады.
Ауданымызда Жастар ресурстық орталығының жұмысы жастардың арқасында атқарылатыны жасырын емес. Күнделікті аталмыш орталыққа келетін жастар мен еріктілердің қарасы көп. Үш жылдан бері көптеген игі шаралардың ұйымдастырушысы бола біліп және белсенділік танытып жүрген еріктінің бірі – Аружан Аманжолова.
Аружан көп балалы отбасынан шыққан. Бала күнінен ата-анасынан адамгершілік пен мейірімділікті ойына тоқып, бойына сіңірген көрінеді. Бүгінде Лесной ауылынан жаяу қатынап, қоғамға өз пайдасын тигізуде.
Ол, Кәмшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенті. Бүгінде студенттік өмір мен еріктілік қызметті қатар алып жүр. Жастар ресурстық орталығы жайлы үлкен әпкелерінен естіп білген екен. Бастапқыда орталыққа бос уақытын өткізуі үшін барса, кейіннен замандастарының жасаған игі істерін көріп, менде ерікті боламын деп шешкен. Үш жылдан бері жақсылыққа бір тамшы болса да үлес қосып, бүгінде ең үздік еріктілердің қатарында.
– Біз тегін жұмыс жасаймыз. Жүрекпен жасаған жұмысыңның нәтижесін көрген сәтте, еш ақының керек емес екендігін түсінесің. Мен үшін еріктілік – ерлікпен тең. Қиындыққа да кезігіп жатамыз, талай тағдыр иелерін кездестіреміз. Жүрегіме ауыр тиіп жататын сәттер жетіп артылады. Бірақ ерікті болу маған қатты ұнайды. Қызыққа толы сәттеріміз де жетерлік. Ерікті болу ұлтқа , жасқа бөлінбейді. Жақсылық жасаймын деген жандарды біздің қатарымызға шақырамын, – дейді ерікті.
Аудан орталығында Аружанның себепші болуымен «Таза өлке», «Қауіпсіздік үшін», «Жақсылық жаса» атты акциялар мен сенбіліктер ұйымдастырылып, жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да зор көмек көрсетілді. Жағдай төмен отбасыларға азық-түлік таратудың басы-қасында жүріп, елдің алғысына да бөленді.
Жастар ресурстық орталғының директоры Алена Дикаяның айтуынша;
– Аружанның еріктілер қатарын қосылғанына үш жылдай уақыт болды. Осы уақытта өзін өте жақсы қырынан көрсете білді. Көптеген шараның белді мүшесі, ұйымдастырушысы. Талай байқауларда да бағын сынады. Қарияларымыздың үй-жайын ретке келтіруге, ауласын тазалауға көп септігін тигізді. Өз қатарластарына үлкен үлгі көрсетіп жүрген еріктілердің бірі. Оның алар асуы мен бағындырар белесі алда.
Елдің шынайы патриотына айналған жас бойжеткеннің ерен еңбегі мен ерлікпен тең ізгі ісі үшін үлкен рақметімізді айтамыз. Барша еріктілер қауымына еңбектеріңіз жана берсін деген тілегімізді білдіреміз.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…
Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…
Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…
Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)
Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…
Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)
This website uses cookies.