Елі үшін еңбек етер азаматтар баршылық

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын

Дана халқымызда «Ауылына қарап азаматын таны» деген тамаша сөз бар.

Ауылдан шыққан азаматтардың туған жерін түлетуге қосқан үлесі туралы да қазір жиі айтылып жүр. Тілеуқабыл Дүйсенов 1959 жылы Қаратал ауылында  11 баланы тәрбиелеп, ел қатарына қосқан көп балалы отбасында дүниеге келген. Бірге туған бауырлары еліміздің әр түкпірінде медицина, білім, құрылыс, ауылшаруашылық саласында еңбек етуде.

Тілеуқабыл Мәрденұлының  өмірлік серігі Ұлтай Бисенбайқызы ұстаз, үш баланың анасы, бүгінде құрметті демалыста. Туған ауылдың топырағы да ыстық дегендей Тілеуқабыл Мәрденұлы әскери борышын өтеп елге оралған күннен яғни, 1976 жылдан еңбек жолын осы ауылдан бастап, еңбекпен білімнің арқасында халықтың қалауымен 2013 жылы ауыл әкімі болып сайланды. 

Еңбек жолында сол кездегі Қаратал совхозында инженер, кейін жеке шаруашылықта директорлық қызметті де абыроймен атқарды. Мамандығы бойынша Қостанай ауыл шаруашылық институтын тәмамдап біліктілігін де арттырды. Осы орайда елдің қамын ойлап, туып өскен жеріне адал қызмет етіп отырған Қарақоға ауылдық округінің әкімі Тілеқабыл Дүйсеновпен жолығып, бүгінгі ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатынбыз.

Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының басты кәсібі мал және егін шаруашылығы. Қарақоға округіне қарасты Төлеңгіт, Құлшықай, Байқожа ауылдарын қоса алғанда бұл аймақта 200-ден астам шаңырақ бар. Округ орталығында О. Қозыбаев атындағы қара шаңырақ аталған, орта мектеп жұмыс істейді. Биылғы оқу жылының 4 тоқсанын  48 бала карантиндік режимнің санитарлық нормаларын сақтай отыра екі ауысымда аяқтады.

Ауыл аймағында ауыл шаруашылығын дамытып жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған жеке шаруашылықтар да баршылық. Ауылдың гүлденіп, көркею жолына үлес қосып отыратын жеке шаруашылық серіктестіктерінің бірегейі «АГРОКОМ-ЛЕНД», «БЕРЕКЕ-ТАҢ» екеніне тұрғындар да куә.

– Ауыл тұрғындары мал шаруашылығы кәсібінен нәсібін тауып, өз алдарына еңбек етіп отырғандықтан бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаларға да белсенділікпен атсалысады. Округіміз мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан әрбір көмектен қалыс қалып жатқан жоқ. Ірі және ұсақ мал мен жылқы шаруашылығын дамытуда. Мысалы Құлшықай ауылының тұрғыны Сералы Карибаев деген азамат 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен мал басын көбейтіп, бүгінгі күні техникасын жаңарту мақсатында мемлекеттік несие алуды көздеп отыр. Еңбектің арқасында адал нәпақасын тауып, өз алдына шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

– Ауылдық жердің, нақты айтқанда біздің ауылдың басты мәселесі тас жол болып тұр. Аудан орталығы мен ауылымыздың арасын байланыстыратын күре тамыр болған жолдың жағдайы тұрғындарымызды алаңдатады. Әсіресе қыс, көктем мезгілдерінде жол қатынасы қиындай түседі. Екінші мәселе интернет желісі. Мектебімізде арнайы интернет орнатылған, ал ауыл тұрғындары үшін бұл мәселе әлі шешімін таба қоймады. Дегенменен жұмыстар жүргізіп жатырмыз алдағы уақытта шешімін табады деген сенімдеміз. Ауылдың болашағы жарқын болуын, тұрғындардың тұрақтап қалуын қалаймыз. Осы орайда ауылға жас мамандарды тарту жұмыстарын да жүргіземіз. Дегенменен осы орайда жол мәселесі бірінші орында, – дейді округ әкімі Тілеуқабыл Мәрденұлы.

Мемлекеттің  қолдауы,  кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының бірлігінің арқасында ауыл гүлденіп, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі қаланады. Тек, ерім деген ел болса, елі үшін еңбек етер азаматтар баршылық.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

4 дня ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

2 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

В КФФ раскрыли подробности будущего Адиева

Главный тренер сборной Казахстана Магомед Адиев возглавил клуб РПЛ «Ахмат» 5 апреля 2024 года. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.