Халықтың ризашылығына бөленген абзал жан – Раушан Баяхметова

Еңбегімен қатар бала-шағаның тәрбиесімен айналысып отбасына ұйытқы болар аруларымыздың қоғамда алар орны ерекше.

Қай салада болмасын нәзік жанды арулар толассыз еңбек етуде. Олардың қатарында кәсіпкер арулар да  жетерлік.

Осындай жанның бірі – Раушан Баяхметова. Раушан бүгінде өзінің кішкентай кәсібін ашып, массаж жасаумен айналысады. Бұл оның жұмысы емес, сүйікті ісі көрінеді. Көптің көңілінен шыға білген маман арнайы оқу-курстарынан өтіп, адам ағзасына жауап беретін түрлі нүктелерді зерттеп, массаж жасаудың техникасын да толықтай игерген екен. 2006 жылдан бері аудан орталығынан  арнайы өз кабинетін ашып, дертіне ем іздеген жанның көңілінен шығуда. Массаждың түр-түрін игерген Раушанға аудан орталығынан ғана емес, ауылдық округтерден келетін жандардың қарасы көп. Жаңа туған нәрестеден, еңкейген қарияға дейін оның көмегіне жүгінуде. Еңбекті әділ бағалай біле, өз жұмысын аса сүйіспеншілікпен атқаратын алтын қолды маман талайдың жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып өз еңбегін адал атқаруда. Аудан жұртшылығы маманның адамгершілігі мен парасаттылығын да қатты құрметтеп, ауқымды жұмысына алғыстарын білдіріп жатады.

– Бала кезден медицина саласында еңбек етуді армандадым. Арманым орындалмай есепші болдым. Бірақ бала кезгі мақсат мені осы кәсіпке жетеледі. Бастапқыда хоббиім ретінде қарадым. Уақыт өте арнайы мамандардың алдына барып, білімімді жетілдірдім. Менің жұмысыма түніспеушлікпен қарайтындар да көп болды. Бірақ көптің көңілінен шыға білдім. Массаж жасаушының жұмысы адаммен тілдесуден тұрады. Алдыңа келген жанның көңілінен шығып, тілін табуың керек. Икемділік, көтеріңкі көңіл-күй де менің жұмысымдағы басты талап. Күніне он адамға дейін қабылдаймын. Талай жандар келеді, кімге болса да өз көмегімді аямаймын, қиналып келген жандарға жылулық сыйлау басты парызым, – дейді массаждың қыр-сырын жете игерген Раушан.

Мысқылдап кірген ауруды жеңу оңай шаруа емес екендігі анық. Бірақ үзілген үмітті қайта жағу, көптің көңілен шығу Раушанның атқарып жүрген күн сайынғы жұмысы. Жүрек қалауы болған салада толассыз еңбек етіп, көптің көңіліне дауа бола білген білікті маманның қолдаушысы отбасы. Бала кезгі арманының орындалуына жолдасы қолдау білдіріп, үлкен сенім артқан екен. Сол сенім бүгінгі күні ақталды десек, қателеспейміз. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін отбасылық өмірде  жолдасы Мәулен екеуі қызғалдақтай үш қызды тәрбиелеп, қыздарының қызығын қызықтауда. Жұмысында білікті маман, отбасында аяулы жар, ардақты ана. Шаңырағының берекесін келтіріп отырған – отанасы.  Қоғамға өз пайдасын тигізіп, талай жанның еміне дауа бола білген Раушанның еңбек жолы осындай. Ел алғысын арқалаған маманның жұмысына жетістіктер, отбасына береке-байлық, қуаныш тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

3 дня ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

3 дня ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

3 дня ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

4 дня ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

4 дня ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

5 дней ago

This website uses cookies.