9 қазан Қазпошта қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Халыққа қалтқысыз қызмет етуден аянбай келе жатқан біздің аудандық Қазпошта бөлімін бүгінде білікті маман Наталья Шудегова басқарып келеді. Орталық ұжымда 40 маман еңбек етуде. 14 ауылдық округтің 13-інде автоматтандырылған қызмет түрі көрсетілуде. Былтырғы жылы аудандық Қазпошта бөлімі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, заман талабына сай жабдықталды. Күн санап қызмет түрлері де жылдам әрі сапалы электрондық жүйеге ауысуда. Дәл осы айтулы датада «Қазпошта» АҚ 26 жылдығын қоса тойлауда. Елбасының цифрландыру саясатын қолдау мақсатында мекемеде бүгінде сәлемдеме мен хат-хабар жеткізу баяғыдан жеңілдеп, цифрландырылған. Осы салада қызмет жасап жатқан жұмысшылардың барлығы Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда аянбай еңбек ету үстінде. Еңбегіне қарай, құрмет қошеметтер мен марапаттаулар да елеулі болуда. Талап пен жігерді талап ететін пошта саласының қызметкерлері қашанда құрмет пен қошеметке лайық.
Шолпан Балабаева аталмыш ұжымға 2017 жылы пошта реттеушісі ретінде жұмысқа орналасып, аз уақыт ішінде өз қызметіне деген жауапкершілігімен ұжым құрметіне бөленген маман. Еңбек жолын қазіргі күні жедел орталық учаскесінің бастығы қызметінде жалғастырып келеді.
– Жыл сайын Қазпошта бөлімінің ұжымы жас мамандармен толығып, халыққа кең көлемдегі қызмет түрлерін ұсынып отыр. Ауыл халқы ұшін несие рәсімдеп, депозит ашу, авиа және теміржол билеттеріне тапсырыс беру, алыс-жақын шет елдерден сәлемдемелер алу мен жөнелту қызметтерінің барлығы да қолжетімді -дейді, учаске басшысы Шолпан Ғабитқызы.
Біз де өз тарапымыздан барша Қазпошта қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
This website uses cookies.