Әке көрген оқ жонар

Амантаевтар отбасының есімі аудан тұрғындарына етене таныс

Өз алдарына еңбек етіп, халыққа жақсы қызмет ұсынып отырған әкелі балалы қос тіс дәрігердің көмегіне көпшілік риза. Айнұр он жылдам астам әкесі Қазтайдың тәжірибесінен шыңдалған маман.

Алғашқы медициналық білімді колледжден алғанмен, бүгінгі таңда біліктілігін арттыру мақсатында Ресейдің Саратов университетінде сырттай білімін жалғастырып отыр. Бүгінгі күні әкесімен бірге иық тірестіре, білек сыбана еңбек етіп, алдына келген әрбір жанның алғысына бөленуде. Аудан орталығында орналасқан бұл жеке тіс емханасына ауылаймақ пен қоса Ұзынкөл ауданының да тұрғындары келетініне куә болдық. Бұл дәрігерлердің сапалы әрі тиянақты жұмысының нәтижесі деп білеміз.

– Біз әрбір бес жыл сайын біліктілікті арттыру курсын өтіп, сертификатталып отырамыз. Оның сыртында Германиялық яғни, жоғары сапалы дәрі-дәрмекпенен ғана жұмыс істейміз. Аппараттарды да уақытылы ауыстырып, жаңартып отырамыз. Біздің кабинетте зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, демалыс күндері жедел түрдегі қызмет те көрсетеміз. Мен тіс жұлу және емдеу шараларын іске асырамын. Әкем тіс протездеумен айналысады. Тұрақты клиеттерден басқа күн сайынғы келіп жатқан халықтың қатары көп, бізде әрбір жасаған жұмысымызға кепілдік бар. Келушілер кепілдік пен жұмыс сапасына көп мән береді. Сондықтан сапалы жұмыс жасауға тырысамыз – дейді, тіс маманы Айнұр.

– Мен, Ұзынкөл ауда-нының Ершов ауылынан үшінші рет осы тіс каби-нетінің қызметіне жүгініп отырмын. Айнұр жас болғанымен өте жақсы маман, өз ісінің шебері деп айта аламын. Тіс каби-неті жайында көршімнен естіп-білдім, олар маған бұл жерде тиімді бағада жақсы қызмет көрсетілетіндігін айтты. Міне, өзім де осы жерде тісімді емдеткелі қос дәрігерге деген ризашылығым зор, еңбектері жемісті болсын дегім келеді – дейді, Вален-тина Актанова.

Атадан балаға мирас болып қалатындай отбасылық кәсіп түрін дамытуды Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде нақты әрі кеңінен айтып, алдағы уақытта әр азамат осыны іске асыруы қажет екенін қадап айтқан болатын.

Бүгінде Амантаевтар от-басынан дәл осы істі анық көруге болады. Әкесінің қолға алған берекелі ісін ұлы Айнұр игеріп келеді. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, болашақта отба-сылық кәсіпті кішкентай Абдинұрдың жалғастырып кететініне ата мен әкенің көңілі тоқ, сенімі зор.

Біз де халық мақтауына лайықты жандарды келе жатқан халықаралық тіс дәрігерінің күнімен құт-тықтап, істеріне сәттілік тіледік!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

3 часа ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

10 часов ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

1 день ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.