Ұлттық байқаудың жеңімпаздары

Меңдіқара ауданының оқушылары  «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Зияткерлік олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау үшін қолдау болса, негізгі міндеттері  – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау, дарынды балалардың әлеуетін одан әрі дамытуға байланысты жүйелі түрде қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиада екі кезеңге бөлініп, сырттай және тікелей өткізілді. Облыс және аудандар мектебінен 5-ші мен 6-шы сынып оқушылары өз білімдерін сынады.  Аталмыш байқауда Меңдіқара ауданының  алты оқушысы өз бағын сынады. Ал, соның төртеуі  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пезиденті  – Елбасы Қорының «Ел Үміті» жобасы негізінде өткізілген «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды. Жеңіске қол жеткізген оқушылар қауымы ұстаздарының сенімін ақтап, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Республикалық білім сайысында жеңімпаз атанған жас буынды Меңдіқара аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов құттықтады. Ауданымыздың үздік оқушылары – Елбасы Қорының дипломы және бағалы силықтарымен (ноутбук) марапатталды.

Ұлттық олимпиадаға бағын сынап, жеңіске жеткен Ахметқазы Шотаев атындағы мектеп –гимназиясының оқушысы Анна Ходякова, Анжела Радько, Жангелді орта мектебінің шәкірті Жандос Есенгелді және Лесной негізгі мектебінің оқушысы  Ділназ Аманжолова болды. Бұл оқушылар ұстаздарының мол сенімін ақтап, қанжығаларына үлкен жеңісті байлады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында толағай табысқа жеткен оқушылардың да, ата-аналардың да қуанышы шексіз, ұйымдастырушыларға дән риза.

– Бұл қуаныш Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Баланың жеңісі ата-ана үшін зор қуаныш. Білімді де, білікті ұстаздармыздың арқасында бүгін балаларымыз жеңіске қол жеткізді. Балаларымыз – ертеңгі болашағымыз. Бұл жобаның балаларымызға берері көп болды, балапандарымыз бақ сынады, шыңдалды.Жоғары деңгейде өткен зияткерлік олимпиаданың ұйымдастырушыларына, шәкірттерін  білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызға ризашылығымзды білдіреміз , – деді қуанышқа бөленген ата-ана Әлия Жортекенова.

«Ел үміті»жол картасы аясында ұйымдастырылып, Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастыруымен өткен білім додасына қатысып, ауданымызға жеңіс сыйлаған жас шәкірттерді бүгінгі жеңісті күндерімен құттықтаймыз.

Тұрсынай Мұқтарқызы

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.