Мұражай – тарихты танытатын құндылық

Аудан төрінен аудандық мұражайдың ашылуына атсалысайықТарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге. Осы орайда ата-бабамыздың ғибратты ғұмырын әйгілейтін мұраларды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа мұра етіп қалдыруда музейдің алар орны ерекше.

Музей – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Ол бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыратын мәдени орын.

Біздің Қостанай облыстық музейдің Меңдіқара ауданындағы филиалы 2013 жылға дейін жұмыс жасаған. Кейіннен белгілі бір себептерге байланысты жабуға тура келген екен.

Қазіргі таңда мәдениет саласының қызметкерлері аудандық музейдің ашылуына өз ықпалдарын тигізуде. Бірақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген Мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтеріне сәйкес халық саны 1000 адамнан астам және 1000 адамнан кем емес ауылдық елді-мекендер үшін мәдени-демалыс орнында жауынгерлік және еңбектік даңқтар бөлмесі, қоғамдық бастамамен музей ұйымдаса алады. Халық саны 5000 адамнан кем емес болғанда және экспонаттардың 1000 дана (негізгі қор) болған жағдайда музей ашуға болады.

Бүгінгі таңда «Юбилейный» мәдениет үйінің төрінде музейге арналған шағын бөлме бар. Бөлме сөрелерінде көптеген көне заттар мен тарихы тереңде жатқан экспонаттар жинақталған. Қолда бар экспонаттар тізіміне келетін болсақ. Олар: 18 ғасырда қолданыста болған самаурын, ұршық, қыз-келіншектердің ер тоқымы, ағаш диірмен, көне жазуы бар тас диірменнің үсті, қыз-келіншектердің ұлттық бұйымдары, ер кісінің ішігі, әйел адамның түлкі терісінен жасалған ішігі, сандық, үтік, бесік, ағаш ыдыстар мен ағаш астау, патефон, сонымен қатар тұңғыш қазақ дәрігері Мұхамеджан Қарабаев жайлы суреттердің көшірмелері мен Камшат Дөненбаеваның суреттері мен марапаттарының көшірмелері, жауынгер Қайырбек Мұқановтың медальдары мен суреттері топтастырылған.

Әзірге, бұл экспонаттардың тізімі сан жағынан музейің ашылуына аз болғандықтан, біз барша меңдіқаралықтарды музей сөрелерін толтыруға атсалысуға шақырамыз!

– Иә, «Мұражайы бар ел – келешегін ойлаған ел» дейді ғой. Бүгінгі күні, біз аудандық музейдің ашылуы үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз, заңнамаға сәйкес халық санағына байланысты 1000-нан астам көрме жиынтықтары қажет. Осы мақсатта, біз барша меңдіқаралықтардан қоғамдық бастама негізінде музейдің ашылуына өз көмек қолдарын созуларын сұраймыз. Үйлеріңізде сан ғасырлық тарихы бар, көне, ата-бабаңыздан мұра болып қалған, немесе ерте ғасырларда қолданыста болған заттар болатын болса, музей сөрелеріне ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз біріге жұмыс жасап, ел тарихы мен болашағын бірге құраймыз, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Таженова.

Құрметті меңдіқаралықтар, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сіздерден қоғамдық бастама негізінде музейдің кірпішін қалауға ат салысуларыңызды сұраймыз! Әр бір көне жәдігер, бағзы дәуірдегі киім-кешек, ұлттық бұйымдар біз үшін өте құнды. Туған өлкеміздің тарихын бірге қалайық.

Ақжан БАЙТҰРСЫНОВА
Сүретті түсірген
автор

Редактор

Recent Posts

На мусульманском кладбище в с.Боровское провели работу по ее расширению и ограждению

Эта инициатива, продиктованная насущной необходимостью, была поддержана нашим земляком, почетным гражданином Мендыкаринского района Бахытом Абдыкаримовым.…

2 дня ago

Военно-патриотический клуб «Арлан» Мендыкаринского района примет участие в областном финале военно-спортивной игры «Жас ұлан»

Это событие станет важным этапом в жизни клуба и возможностью продемонстрировать результаты многолетней работы. (далее…)

2 недели ago

Основной и самой острой проблемой села Чернышевка Мендыкаринского района является отсутствие качественного подъездного пути

Продолжаем рубрику, посвященную жизни в отдаленных уголках района, и сегодня мы хотим рассказать о маленьком…

2 недели ago

Проявив инициативу жители с.Боровское совместно с акиматом навели порядок на христианском кладбище

В селе Боровское жители и местный акимат продемонстрировали яркий пример того, как совместными усилиями можно…

3 недели ago

В центральном парке Мендыкаринского районного центра высадили 250 молодых сосен в рамках экоакции «Таза Қазақстан»

Ежегодно, с приходом весны, жители Мендыкаринского района активно включаются в работу по озеленению своей малой…

4 недели ago

This website uses cookies.