Categories: Новости

Мамандық таңдаудан жаңылмаған

Мұрат Жоломанов Қасқат ауылының тумасы, бала күннен спортқа жаны құмар жас мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ, мамандық таңдаудан жаңылмаған

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру және спорт мамандығыда төрт жыл білім алған Мұрат оқу орынын қызыл дипломмен аяқтаған екен. Қолына диплом алған сәттен ауыл мектебінің ұстазы атанған ол Сосна орта мектебінде алғашқы еңбек жолын бастап, мектеп оқушылары мен ауыл жастарын салауатты өмір салтына шақырады. Округ жастары спорттың әр түрінен аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды бағындырады.

Былтырғы жылдан бастап Мұрат туған ауылына ат басын тіреп, өзі білім алған алтын ұяда еңбек жолын жалғастырып келеді.  Мектепте спортқа қызығушылық танытып өсіп келе жатқан жасөспірімдерді спорттың әр түрінен баптап келеді, ең бастысы еңбегінің жемісі шәкірттерінің жетістістіктері. 2017 жылдан бастап екі жыл қатарынан Ломоносов орта мектебі аудандық жазғы оқушылар спартакиадасында жалпы командалық есепте жеңімпаз атанып келеді. Ал, тәрбиеленушілері тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, күрес, шахмат сияқты спорттық ойын түрлерінен облыс көлемінде ауданымыздың намысын қорғап жүрген жастар. Биылғы Меңдіқара ауданының волейбол лигасының да бас жүлдесін аталмыш мектеп спортшылары жеңіп алғанына көпшілік куә.

Отбасында Мұраттың ізін басқан інісінің де спорт саласына деген қызығушылығы ерекеше екен. Оқушысы әрі бауыры Алматтың да тоғызқұмалақ саласы бойынша жеткен жетістіктерін мақтанышпен айтуға болады. Жас спротшы бүгінде тоғызқұмалақтан спорт шеберіне үміткер, жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогының жүлдегері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық жарыстардың қатысушысы. Қостанай облысының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері. Тоғызқұмалақтан Қостанай облысы және Меңдіқара ауданының құрама командасының белді мүшесі атанып отыр. Спортты жан тәнімен сүйген жастардың бүгінгі жеткен жетістіктеріне марқайып қарай отыра, болашақтары жарқын боларларына үмітпен қараймыз.

Туған жердің төсінде, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстанып, спорт саласында биік белестерді бағындыруына үлесін қосып жүрген жас та болса өз мамандығының шебері бола білген Мұратқа біз де алар асуларың көп болғай, тек жеңісті күндерде жолығайық деген ниетімізді білдірдік.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

18 часов ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 неделя ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 неделя ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

This website uses cookies.