Қызығушылықтары да, мамандықтары да ортақ жандар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының қарқынды түрде жүзеге асуының бір көрінісін жас дәрігерлердің отбасынан көруге болады

Дмитрий мен Елена Абрамовтар аудандық ауруханаға былтырғы жылдың күз айында орналасып, бағдарлама аясында баспаналы болып, көрме ақыға да қол жеткізді.

Елена мамандығы бойынша терапевт, Қарағанды облысының тумасы. Ал,  Дмитрий жалпы тәжірибелік  дәрігер, туған жері Солтүстік Қазақстан облысы. Екі жастың да таңдауы медицина саласы, тағдырлары Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде тоғысып, отбасын құрады. Бүгінде жас дәрігерлер Меңдіқара халқының  игілігі жолында қызмет етуде.

– Алғашқы еңбек жолымызды Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим селосынан бастаған болатынбыз. Бірде Меңдіқара жеріне қонаққа келіп, ауданның көркем табиғаты мен қонақжай халқы біздің көңілімізге жақын болды. Осы ауданның орталық ауруханасында бос жұмыс орыны бар екенін білгенімізде, бірден отбасымызбен қоныс аударуға бел будық. Аудан орталығы өте жақсы жерде орналасқан, облыс орталығы да жақын. Жалпы баспана мәселесінің қолжетімділігі де қуантты. Баламыз Александр қазір аудан орталығындағы «Жас Әлем» балабақшасына қабылданды. Енді алаңсыз жұмыс істеуімізге зор мүмкіндік бар. Бізді алғашқы күннен бас дәрігер бастаған аурухана ұжымы жақсы шыраймен қарсы алды. Жұмыс кез-келген жерде жауапкершілік пен қатаң тәртіпті талап етеді. Сондықтан дәрігерлік антымызға берік болып, халықтың денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етеміз деген сенімдеміз, – дейді жас маман Дмитрий мен Елена.

Меңдіқара ауданын жүрек қалауларымен таңдап, осы жерде тұрақтап қалуды мақсат тұтқан мамандардың бұл шешімі бізді де қуантып тастады. Таңдаулары да қызығушылықтары да, мамандықтары да ортақ осындай бір отбасылы дәрігерлердің еңбегіне біздер де сәттілік тіледік. Ауданымыз жыл сайын Дмитрий мен Елена Абрамовтар  сияқты жоғары білімді жас дәрігерлермен толығып жатс нұр үстіне нұр болғай!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

3 дня ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

3 дня ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

4 дня ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

2 недели ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

2 недели ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.