Меңдіқара аудандық жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі бірлескен жұмыс туралы меморандум бекітті

Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Бұл құжат екі тараптың бірлескен жұмысын жүйелеп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ынтымақтастық аясында тараптар тұрғындарды ақпараттандыру, азаматтық қорғаныс бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жастарға арналған оқыту бағдарламалары, профилактикалық акиялар мен еріктілер бастамаларын дамыту көзделген.

Біз Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп бірқатар маңызды бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеміз. Атап айтқанда, «Острожно – тополиный пух» акциясы арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары тұрғындармен жүргізілсе, «Природа охрана», «Таза өлке» бастамалары аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылады. Ал «Отопительный сезон» тақырыбында тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі.

Сонымен қатар «Қарлы десант» акциясы барысында қыс мезгілінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру жұмыстары жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларға жастар белсенді түрде қатысып, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділікті арттыруға үлес қосып келеді, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшының міндетін атқарушы Тұрсынай Дүйсембаева.

Аталған меморандум жастардың белсенділігін арттыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйретуге мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қоғамдағы қауіпсіздік деңгейі артып, тұрғындар арасында сақтық мәдениеті қалыптасады деп күтілуде.

Жастар ресурстық орталығымен меморандумға қол қою – төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы маңызды қадам. Жастар – қоғамның ең белсенді бөлігі, сондықтан оларды қауіпсіздік мәдениетіне баулу, азаматтық қорғаныс талаптарын үйрету аса қажет. Бірлескен іс-шаралар арқылы тұрғындар арасында сақтық шараларын кеңінен насихаттап, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды көздеп отырмыз. Бұл әріптестік халықтың қауіпсіздігін арттыруға және қауіпті жағдайлардың алдын алуға өз септігін тигізеді, – деді Меңдіқара аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Қуаныш Минасов.

Аталған меморандум екі мекеме арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың белсенділігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бірлескен жұмыстар арқылы тұрғындардың қауіпсіздік мәдениеті қалыптасып, қоғамдағы қауіпсіздік деңгейі арта түседі.

Ақжан БАЙТҰРСЫНОВА

суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

2 дня ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

2 дня ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

3 дня ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

2 недели ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

2 недели ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.