Мейірім мен махаббаттан құрылған жанұя қашан да шаттыққа толы

Адам баласының өмірдегі ең басты қазынасы – отбасы. Отбасының татулығы  берік болса, еліміздің керегесі кең болары сөзсіз

Бүгінгі мақалаға өнегелі жанұя атанып, өрелі ұрпақ тәрбиелеген Тұрағұловтар отбасы арқау болмақ.

Татулығы жарасқан бұл жанұяның отағасы Мұрат пен отанасы Гүлнұр ұстаздық жолды таңдаған жандар. Студенттік шақтың қызығын бірге қызықтап, бір оқу орнын аяқтаған жас мамандар алғаш еңбек жолдарын Қаражар негізгі мектебінде бастаған көрінеді. Еңбек жолының өсу баспалдағында абырой мен адалдықты қатар ұстаған қос ұстаз талай белестерді де бірге бағындыра білді.  Бүгінде Мұрат ағайымыз Көктерек негізгі мектебінің директоры атанса, Гүлнұр апайымыз Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында абыроймен еңбек етіп, үлкен еңбектің арқасында Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген байқауда «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды.

Талай шәкіртке әріп танытып, білім нәрімен сусындатқан жандар өмірдің де, еңбектің де ащы-тұшысын қатар  көріп, өмірдің қиындығына еш мойымай балаларын бар ықыластарымен тәрбиелеп өсірді. Балалары да асыл әкелерінің үйреткен парасаттылығын бойларына сіңіріп, аналарының үлгі-өнегесімен бой түзеді. Ата-анасының жолын қуған үлкен ұлдары Мейрамбек аудандық білім бөлімінде қызмет атқарса, келіндері Ұлбаланың  мамандығы тәрбиеші. Жас отбасы Медина атты кішкентай балапандарын тәрбиелеп, ата-аналарының үкілеген үміттерін ақтауда. Мейрамбектің соңынан ерген қарындастары Мақпал мен Гүлсезімнің бойларынан нағыз қазақ қызына тән мінезді байқауға болады.  Олар кішіпейілдіктерімен, ізеттіліктерімен ерекше. Мақпал бүгінде тұрмыс құрып, бір шаңырақтың берекесін келтіріп отырған ибалы келін, аяулы ана. Үйдің кенжесі Гүлсезім жан-жақты, өнерге жақын бала. Талай байқауларда бағын сынап, жеңімпаз атанып жақындарын  жетістіктерімен қуантуда. Бұл  ата-анасынан  дарыған қасиет болуы керек. Өйткені Мұрат ағайымыз түрлі музыкалық аспаптың тілін түсініп, Гүлнұр апайымыз екеуі өнерлерімен де ел алдына шығып жүрген жандар.   Олардың әуелетіп салған әндерін тамсанып тыңдап, өнерлеріне қызығатындар жетерлік.

Бұл отбасында әдет-ғұрып, адамгершілік, мейірімділік пен махаббат басты орында. Олар айналасындағыларға үлгі болып, қазақи қылықты дәріптеп, ел құрметтейтін шаңыраққа айналды. Ендеше кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай отбасыларымыз көбейе берсін демекпіз…

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.