Ауданымыздың өнерпаздары мен мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесі биылғы жылы жабық форматта өтті
Ауданымыздың мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосып, көрермен көңілінің жүрек төрінен орын алған өнер майталмандарын аудан әкімінің орынбасары Қалыбек Жұмашев құттықтады.
Мерекеде Меңдіқара ауданы мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, “Юбилейный” Мәдениет үйінің ардагерлері Бақытжан Сәуекенов, Юрий Турчанинов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өз кезегінде мереке иелерін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Таженова құттықтап, бірқатар өнер жанашырлары «Березка» вокалдық тобының жетекшісі Ольга Климонтова, Халықтық «Домбыра сазы» ұлт-аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі Мейір Нұрмұхамбетов, ауданының жас ақыны Дінмұхамбет Құсаинов, «Жұлдыз» би ұжымының жетекшісі Александра Загинайло, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Достияр Қайдаровқа Алғыс хатын табыс етті. Қызметкерлер Жансая Советова, Марина Жаукина «Юбилейный» мәдениет үйі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Нағашыбайдың атынан марапатталды. Мереке ән шашумен мәресіне жетті.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
This website uses cookies.