Наурыз айынан бері ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін ұйымдастыруға тыйым салынған еді. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай алғаш рет орталық алаңда аталмыш шара бастау алды
Асыл қарттарымыздың мерекесі күні ұйымдастырылған жәрмеңкеге жиылған халықтың қарасы көп болды. Халықтың саны көп болуы ауылшаруашылығы өнімінің сұранысқа ие екендігін байқатты. Ауданымыздың он бір ауылдық округігінен ет, балық, сүт өнімдері молынан әкелініп, тұтынушыларға қолжетімді бағамен саудаланды. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталынды.
– Мереке күні өткізілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі көңілімізден шықты. Қарттар мен зейнеткерлердің қамын ойлаған жандарға, ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Сөредегі өнімдер сапалы және қолжетімді. Керек заттың, күнделікті қолданылатын өнімнің барлығы бар. Осындай игі шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрса,- дейді ауыл тұрғыны Көшербай Өтесов.
Аға буын өкілдері мен жиналған жұртшылыққа бұл күні аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды. Биден бөлек, әуезді әннен де шашу шашылды. Өнерлі өнерпаздарымыз тұрғындар мен қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ыстық ықылас пен қошеметке бөленді.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…
Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…
This website uses cookies.