Кітап әлемі шексіз. Кітаптың балаға берер азығы мол екені бәрімізге белгілі. Баланы білімді, рухани бай етіп тәрбиелеу үшін, кітап оқуға баулуымыз керек
Осы мақсатта аудандық балалар кітапханасы қызметкерлері «Бірінші оқырман» акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акция жыл сайын ұйымдастырылып, биыл да дәстүрлі түрде өз жалғасын тапты. 2021 жылдың бірінші жұмыс күнінде кітапхана өзінің алғашқы оқырмандарын қабылдады. Балаларға арналған іс-шараға кітапхананың тұрақты және үздік оқырмандары қатысты. Кітапханашылар бүлдіршіндерді сан түрлі кітаптармен таныстырып, кітап әлеміне саяхатқа шақырды. Балалар түрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.
«Бірінші оқырман» акциясының биылғы жеңімпаздары Болатбек Дөненбаев, Арина Садчикова және Виктория Кузнецова болды. Кішкентай оқырмандарға кітапхана қызметкерлері тәттілер мен естелік сыйлықтар табыс етті. Жас оқырмандар ұйымдастырушыларға балалық ризашылықтарын білдіріп, өнерлерін көрсетті.
Ендеше оқушылар, білімді және рухани сауатты боламыз десеңіздер кітапханаға асығыңыздар.
Өз тілшіміз
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
This website uses cookies.