Таза жарнама – ауыл келбеті

Рейд барысында заң талаптары сақталмағандығы анықталды

Желтоқсан айының жиырма тоғызы күні аудандық тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан орталығында «Таза ауылға  – таза жарнама» акциясы аясында рейд өткізілді. Аталмыш рейдке аудандық жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен БАҚ өкілдері атсалысты.

Іс-шара барысында аудан орталығындағы дүкендерге рейд жүргізіліп, көрнекі ақпарат құралдары мәтіндерінің «ҚР тіл туралы» және «Жарнама»  туралы  заңдар талаптары сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Кезекті рейдке қатысқан жастар мен еріктілер көрнекі ақпарат құралдарында жазылған жарнаманың жазылуына ерекше көңіл бөліп, аса белсенділік танытты.

Таза ауылға – таза жарнама» акциясы бізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Біздің мақсат – қателікке жол бермеу, әдістемелік көмек көрсету. Бірақ аудан орталығындағы дүкендердің көрнекі ақпарат құралдарынан қателіктер табылды. Ауылымыздың таза келбеті үшін – алдағы күнде мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады,- дейді тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әлия Байтемірова.

Рейд барысында, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының 21- бабында айтылғандай көрнекі ақпараттың барлық мәтіні талапқа сай: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тілінде – оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, әріптері бірдей өлшеммен жазылады деген ақпараттық парақшалар таратылды.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

6 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

6 дней ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

1 неделя ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.