«Дипломмен ауылға» бағдарламасының қарқынды түрде жүзеге асуының бір көрінісін жас дәрігерлердің отбасынан көруге болады
Дмитрий мен Елена Абрамовтар аудандық ауруханаға былтырғы жылдың күз айында орналасып, бағдарлама аясында баспаналы болып, көрме ақыға да қол жеткізді.
Елена мамандығы бойынша терапевт, Қарағанды облысының тумасы. Ал, Дмитрий жалпы тәжірибелік дәрігер, туған жері Солтүстік Қазақстан облысы. Екі жастың да таңдауы медицина саласы, тағдырлары Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде тоғысып, отбасын құрады. Бүгінде жас дәрігерлер Меңдіқара халқының игілігі жолында қызмет етуде.
– Алғашқы еңбек жолымызды Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим селосынан бастаған болатынбыз. Бірде Меңдіқара жеріне қонаққа келіп, ауданның көркем табиғаты мен қонақжай халқы біздің көңілімізге жақын болды. Осы ауданның орталық ауруханасында бос жұмыс орыны бар екенін білгенімізде, бірден отбасымызбен қоныс аударуға бел будық. Аудан орталығы өте жақсы жерде орналасқан, облыс орталығы да жақын. Жалпы баспана мәселесінің қолжетімділігі де қуантты. Баламыз Александр қазір аудан орталығындағы «Жас Әлем» балабақшасына қабылданды. Енді алаңсыз жұмыс істеуімізге зор мүмкіндік бар. Бізді алғашқы күннен бас дәрігер бастаған аурухана ұжымы жақсы шыраймен қарсы алды. Жұмыс кез-келген жерде жауапкершілік пен қатаң тәртіпті талап етеді. Сондықтан дәрігерлік антымызға берік болып, халықтың денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етеміз деген сенімдеміз, – дейді жас маман Дмитрий мен Елена.
Меңдіқара ауданын жүрек қалауларымен таңдап, осы жерде тұрақтап қалуды мақсат тұтқан мамандардың бұл шешімі бізді де қуантып тастады. Таңдаулары да қызығушылықтары да, мамандықтары да ортақ осындай бір отбасылы дәрігерлердің еңбегіне біздер де сәттілік тіледік. Ауданымыз жыл сайын Дмитрий мен Елена Абрамовтар сияқты жоғары білімді жас дәрігерлермен толығып жатс нұр үстіне нұр болғай!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
В ее состав вошли депутаты от четырех ключевых политических партий: «AMANAT», «Ауыл», «Ак жол» и…
13 ақпан күні аудан тұрғындары мен Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл…
Все спецслужбы района с начала текущего года выполняют свои обязанности в полной мере. (далее…)
Ақпан айының 7-8 ақпан күндері Астана қаласында Astana Tech Cup аясында өткен «Fibonacci Robot Olimpiad»…
Его посвятили памяти ветерана спорта Бориса Лискова (далее…)
На прошлой неделе ключи руководству Боровского лесхоза торжественно вручил аким области Кумар Аксакалов. (далее…)
This website uses cookies.