«Жас әлем» балабақшасы өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті

Бала ертеңгі болашағымыз. Бүлдіршіндерге саналы білім мен дұрыс тәрбие беру баршаға ортақ міндет. Осы орайда балаларымызға ең алғашқы тәрбие мен білімнің баспалдағын беруде «Жас әлем» бөбекжай-балабақшасының еңбегі зор

Өткен аптада балалардың саялы мекеніне айналған балабақша өзінің он жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті. Бұл күнде балабақша тәрбиеленушілері мен балаларға саналы білім мен тәрбие бере білген тәрбиешілер қауымы ерекше думанға бөленді. Балабақша ұжымы келіп жеткен мерейлі мерекелерін ерекеше сән-салтанатымен атап өтіп, қуанышқа бөленді.

«Жас әлем» балабақшасы бөбектерге өзінің есігін айқара ашқан күннен бері он жыл уақыт өткен екен. Он жыл ішінде білім ұясы үлкен жетсітіктерге қол жеткізіп, халықтың зор сеніміне ие болды. Осы уақыт аралығында көптеген бүлдіршіндерді түлеткен бөбекжай ата-аналардың шексіз ризашылығы мен алғысына да бөленді.

Білікті педагог Бахытгүл Жаркимбаева басқарып отырған «Жас әлем» бақшасында бүгінде жүз жиырма балғын тәрбиеленуде. Үш топ орыс тілінде жұмыс жасаса, үш топ мемлекеттік тілімізде жұмыс жасап, балдырған бөбектеріміз үшін барлық жағдай қарастырылып отыр. Бала жанының бағбанына айналған он екі тәрбиеші білім беру жолында аянбай тер төгуде. Балалар үшін қашанда тәрбиеші көмекшісінің орны бөлек. Бұл салада жеті бірдей маман балаларға жүрек жылуын сыйлап, үлкен еңбек атқаруда. Балабақша заман талабына сай жабдықталып, білімді де, білікті педагогтар білім беру жолында да заман ағымынан қалысар емес.

-Біз бала тәрбиесі мен баланың жағдайын басты орынға қойып, әркез басты назарда ұстауға тырысамыз. Әр ата-ана өз перзентін аса сенімділік пен бақшаға әкеледі. Ата-ананың артқан сенімі мен үмітін ақтап, бөбектерімізге мейірім мен жылыулық сыйлауға тырысамыз. Тәрбиешінің жұмысы аса жауапкершілк пен табандылықты талап етеді. Талапқа сай біздің тәрбиешілер өзіне жүктелген міндетті абыроймен орындауда. Он жыл ішінде жеткен жетістікткеріміз де жетерлік. Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді басты мақсат тұтқан «Жас әлем» балабақшасының жетістігі мен табыстарын мақтанышпен айта аламыз. Бүлдіршіндердің бойына сапалы білім мен тәрбиені сіңіру жолында біздің ұжымның алар асуы алда екеніне сенімдімін,-дейді мекеме меңгерушісі Бахытгүл Орынбекқызы.

Он жылдық мерейтойға балғындар мен тәрбиешілер қауымы жоғары дайындалып, өздерінің мерекелік концерттерін жиылған көрерменге көрсетті. Кіп-кішкентай балдырғандар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Жиылған қауым бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болып, қошеметтерін де аямады. Ертегі кейіпкерлері балабақшаға саяхат жасап, сахна төрінде тамаша

қойылымдар көрсетілді. Мекеме меңгерушісі балғындар мен тәрбиешілерді мерейтоймен құттықтап, өзінің ақ тілегін білдірді.

Мереке күні бала жанының бағбандарына айналған тәрбиеші ұстаздарға Алғыс хаттар табысталып, балаларға тәтті базарлықтар таратылды.

Іргетасы қаланғанына он жыл толған «Жас әлем» бөбекжай-балабақшасының ауыз толтырып айтатындай жетістіктері жетерлік. Алдағы уақытта да асуларды молынан бағындырып, жас балғындарымыздың тұлға болып қалыптасуына септігін тигізіп, саналы білім береді деген ойдамыз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

2 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

2 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

2 недели ago

This website uses cookies.